Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында бастауыш сынып оқушыларының зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамытуға мұғалімнің дайындығының құрылымы


Қаралымдар: 133 / PDF жүктеулері: 109

Авторлар

  • Т.О. Каратаева И. Алтынсарин атындағы Аркалық педагогикалық институты
  • Н.Н. Хан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Кілт сөздер:

мұғалімнің сабаққа дайындығы, кіші мектеп оқушысының зияткерлі-шығармашылық әлеуетін дамыту, кіші мектеп мұғалімі дайындығының құрамдас бөліктері, кіші мектеп мұғалімінің интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін дамытуда компоненттік дайындығы, жаңартылған білім мазмұны

Аңдатпа

Мақала болашақ мұғалімнің дайындылық құрылымының базалық компоненттердің, кіші мектеп жасындағы оқушының зияткерлі-шығармашылық әлеуетін дамыту нәтижелеріне арналған. Қолданыстағы тәсілдерді теориялық және әдіснамалык талдауды, сондай-ақ студенттердің дайындығының мотивациялық компонентін бағалау мен байқаудың эмпирикалық тәжірибесінің нәтижелерін қамтитын даму кезеңдері анықталды.

Кіші мектеп оқушысын интеллектуалды және шығармашыл қабілетін дамытуға арналған, болашақ мұғалімнің тәсілдері жайында отандық және шетелдік авторларының өзектілік зерттеулердің нәтижелері берілген.

Қазақстан Республикасындағы жаңартылған білім берудің мазмұны жағдайындағы педагогикалық қызметтің ерекшеліктері тұрғысынан, кіші мектеп оқушының зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға, мұғалімнің дайындылығын анықталған тәсілдеріне сыни тұрғысынан баға берілген.

Сонымен қоса, авторлар педагогикалық зерттеу нәтижелерінде, мотивация - болашақ мұғалімнің бастауыш сынып оқушыларының интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін дамытудың дайындылығының ең қиын құрамдас бөлігі екенін анықтады.

Болашақ мұғалімнің кіші оқушының зияткерлі-шығармашылық әлеуетін дамытуға дайындығын құрылымдау тәсілдеріне қатысты отандық және шетелдік зерттеулердің талдау нәтижелері берілген. Қолданыстағы ғылыми-қолданбалы тәсілдер жалпыланған және халықаралық және қазақстандық педагогика ғылымының дамудың контекстінде жағдайында болашақ мұғалімнің кіші мектептің оқушының зияткерлі-шығармашылық әлеуетін дамытуға дайындылығындағы дамытудағы эмпирикалық тәжірибенің жетекші маңыздылығы дәлелденген. Талдау жұмыстардың нәтижелерін жалпылау барысында, авторлармен соңғы зерттеу жұмыстары- болашақ мұғалім кіші мектеп оқушының зияткерлі-шығармашылық әлеуетін дамытуға дайындығы интегративті табиғатының ережеге сүйенетіндігін анықтады.

Мақалада зерттеу нәтижелері бойынша әзірленген болашақ педагогтын дайындылығының құрылымында мотивациялық-құндылық компоненттен басқа, когнитивті-интеллектуалдық, эмоционалды-еріктік және коммуникациялық-ұйымдастырушылық құрамдастары қамтитындығы айтылған. Әзірленген құрамдас бөліктердің түйінді құзіреттіліктері ашылып, олардың интеграциялық мәні болашақ мұғалімдерді даярлау үрдісінде арнайы дамуының көздейтіні атап өтілді.

Жүктеулер

Жарияланды

10.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Каратаева, Т., & Хан, Н. (2023). Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында бастауыш сынып оқушыларының зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамытуға мұғалімнің дайындығының құрылымы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 141(4), 204–215. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/192

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика