Әлеуметтік жұмыс тәжірибесіне және басқа да көмекші кәсіптерге руханилықты интеграциялау


Қаралымдар: 65 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • К.А. Мухамбетова
  • Г.Т. Урузбаева
  • Г.Д. Исахова
  • А.К. Шайлазова

Аңдатпа

Руханилық қазіргі уақытта ғылыми пікірталастардың пәні ретінде жалғасып келеді, қарама-қарсы шеңбері «зайырлық - руханилық» шектерінен шығып барады.
Сонымен қатар, руханилық мәселелері көмекші мамандықтар тәжірибесіне және бірінші кезекте әлеуметтік жұмысқа интеграциялау жаңа серпілістерге ие болып отыр.
Руханилық тұжырымдамасын талдай отырып, мақала авторлары оның мазмұнына қатысты ең көп таралған көзқарастарға шолу жасайды және де, пікірталастардың негізгі
тақырыптарын анықтайды. Руханилықтың діни, мәдени, саяси контекстерін бөліп
көрсетуге болады, сонымен қатар, оны көмекші мамандықтар жүйесіндегі араласулардың нәтижелеріне әсер ететін маңызды фактор ретінде қарастыруға болады (медициналық тәжірибе, клиникалық психология, психиатрия). Сонымен қатар, ол, өмірлік
мағынаны іздеу және дінде руханилық емдеу мен қорғану детерминанты ретінде әсер
ете алады және де осалдық пен тәуекелдерді арттыратын фактор да бола алады.
Зерттеулер көрсеткендей, суицидтік мінез-құлық, тәуелділік, ауыр жарақат, онкология және психиатриялық аурулар жағдайында руханилық дәлелденген және ең тиімді
тәжірибе болып табылады. Мақалада, әлеуметтік жұмыскер үшін руханилық саласында біліктілікке ие болу, жеке өзіне және клиентке қатысты мәселелерді түсіну және
кәсіби қызметте руханилықпен бетпе-бет келуге дайын болуы керек деген маңызды ойлар айтылады.
Мақалада «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер арасында жүргізілген әлеуметтанулық сауалнаманың нәтижелері берілген. Олардың
пікірінше, әлеуметтік жұмыскер өз клиенттері үшін өмірдің мәнін табуда жетекші
және көмекші ретінде әрекет етеді, ал рухани және практикалық қызметтің бастапқы
нүктесі оның жеке көзқарастары мен өмірлік ұстанымдары болып табылады.
Көмекші мамандықтар контекстінде руханилықты зерттеушілердің ең негізгі қорытындыларының бірі, әлеуметтік жұмыс бойынша мамандарды және көмекші мамандықтарды даярлау шеңберінде руханилықты зерттеу.

Қосымша файлдар

Жарияланды

10.12.2022

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мухамбетова, К., Урузбаева, Г., Исахова, Г., & Шайлазова, А. (2022). Әлеуметтік жұмыс тәжірибесіне және басқа да көмекші кәсіптерге руханилықты интеграциялау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 141(4). Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/265

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика