Мектептің білім беру кеңістігі: 21 ғасырдың қиындықтары
Қаралымдар: 204 / PDF жүктеулері: 72
Кілт сөздер:
білім беру кеңістігі, әлеуметтену, салтсыздандыру, қайта әлеуметтену, сәйкестендіру, тұрақты даму үшін білім беру.Аңдатпа
Мектептің білім беру кеңістігі - білім беру процесінің маңызды құрамдас
бөлігі және білім алушыларды оқытуды, тәрбиелеуді, дамытуды ұйымдастыру құралы. Мақала
қоғамда болып жатқан күрделі үдерістер арасында буферлік қызметін орындайтын білім беру
кеңістігін құру мәселесін және екінші жағынан білім алушылардың қазіргі буынының
мотивациялық-қажеттілік саласын өзектендіруге арналған. Жоғары мектеп білім алушыларының
әлемде болып жатқан өзгерістерге қатынасы туралы психологиялық-педагогикалық
зерттеулердің нәтижелері ұсынылған. Зерттеу нәтижелері қазіргі әлемде жастарды
әлеуметтендірудің негізгі тенденциялары: детрадициялау, қайта әлеуметтендіру және
сәйкестендіру процестері тұрғысынан талданды. Жастарды детрадициялаудың, қайта
әлеуметтендірудің және сәйкестендірудің өзекті мәселелерін шешу үшін ХХІ ғасырдың сынтегеуріндеріне сәйкес келетін регенеративті, озық және синхронды білім беру кеңістіктерін
жобалау қажеттілігі туралы қорытынды жасалды. Жас ұрпақты өмірге дайындаудағы білім беру
кеңістігінің рөлі туралы классикалық идеялар қайта қаралып, толықтырылуы керек