Үлкен көлемді деректерді жоғары оқу орындарында оқыту және тәжірибелік жүзеге асырылуы туралы (үлкен деректерге иерархиялық кластерлеуді қолдану)
Қаралымдар: 148 / PDF жүктеулері: 26
Кілт сөздер:
үлкен көлемді деректер, үлкен көлемді деректер туралы талдаулар, R программалау ортасы, кластерлеу, иерархиялық кластерлеу.Аңдатпа
Бүгінде әртүрлі есептеу құрылғыларында сақталатын деректер ағыны көлемінің өте жоғары қарқынмен өсуі үлкен деректерді талдау қажеттілігін тудырып, әлеуметтік-экономикалық салаларда аталған бағыттағы құзыреттіліктері бар мамандарға деген сұранысты арттырып отыр. Үлкен деректер саласында мамандар даярлау жаңашыл платформаларды, аппараттық-бағдарламалық қамтамаларды, бағдарламалау орталарын жан-жақты зерттеп, білім мазмұнына ендіруді қажет етумен байланысты. Ұсынылып отырған зерттеу жұмысының нәтижесі ретінде R программалау ортасында үлкен көлемді деректерді сақтау, өңдеу мен талдау негізінде жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың білімін арттыру, жаңа білік пен дағдысын қалыптастыру қажетті тәжірибелік жұмыстардан деректер ұсынылады.