Оқу процесінде виртуалды шындық технологиялардың қолданысы: өткені және болашағы


Қаралымдар: 225 / PDF жүктеулері: 888

Авторлар

Кілт сөздер:

виртуалды шындық(VR); виртуалды технологиялар; білім беру орындары; VR тарихы

Аңдатпа

Виртуалды шындық технологиялары оқу үрдісіне өзінің зор үлесін қосуда, әрине, бұл технологияларды білім беруде қолданудың негізгі мақсаты оларды қолдану арқылы оқу үдерісінің тиімділігін арттыру болып табылады. Виртуалды шындық технологияларының білім беруге қосқан үлесін жақсырақ түсіну үшін бұл зерттеуде Scopus, Web of Science, IEEE және Google Scholar дерекқорларындағы әдебиеттерге, сонымен қатар отандық журналдарға жүйелі шолу жасалынды. Бұған қоса, оқу процесінде бұрынғы және қазіргі уақытта VR қолдануларын практикалық тұрғыдан көрсету үшін нақты жағдайлар ұсынылады және бағаланады.Бұл мақалада виртуалды шындық (VR) технологияларының білім беру салаларындағы қолданылу тарихы мен қазіргі жағдайына шолу жасалып, қарастырылған ғылыми деректер негізінде келешегіне болжамдар жасалынады. Мақалада оқу процесіндегі виртуалды шындықтың негізгі ұғымдары, пайда болуы, оның ықпалы, соған байланысты мәселелері мен болашақ бағыттары, сондай-ақ белгілі зерттеушілер қарастырған әдістерді көрсету мақсаты қойылған. Мақаланың мазмұнының қазіргі мектеп мұғалімдері үшін практикалық маңызы бар, сондай-ақ мақала білім беру саласына және жаңа технологияларға қызығушылық танытатындардың барлығына пайдалы болуы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланды

15.09.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Зулпыхар, Ж., Азамат, А., & Оразбаева, Б. (2023). Оқу процесінде виртуалды шындық технологиялардың қолданысы: өткені және болашағы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 144(3), 119–126. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/358

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика