Қазақстан мектептерінде аутистік спектр бұзылыстары бар балаларға білім беретін педагогтардың дайындығы туралы мәселелер


Қаралымдар: 144 / PDF жүктеулері: 57

Авторлар

Кілт сөздер:

аутизм, аутистік спектр бұзылыстары, инклюзивті білім беру, арнайы білім беру қажеттіліктері, психологиялық-педагогикалық қолдау, әлеуметтену, дін, ұжымдық жад, діни жад, тарихи травма, болмыстың қалыптасуы, діни ғұрыптар, ұмыту психологиясы, еске алу үрдісі.

Аңдатпа

Білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету кез келген елдің, соның ішінде соңғы жылдары инклюзивті білім беруді дамытуға баса назар аударылған Қазақстанның басымдығы болып табылады. Мақаланың мақсаты – жалпы білім берудің инклюзивті сыныптарындағы педагогтардың АСБ бар балаларға педагогикалық қолдау көрсетуінің заманауи тәжірибесін талдау. Зерттеу барысында ашық және жабық сұрақтардан тұратын сауалнама құрастырылды. Кездейсоқ таңдау әдісін қолдана отырып, сауалнамаға еліміздің 5 облысынан (екі мегаполис – Астана және Шымкент, сондай-ақ үш облыс – Ақмола, Алматы және Ақтөбе) 85 мұғалім қатысты. Нәтижесі: Қатысушылардың көпшілігі 31 мен 60 жас аралығында, ал олардың жартысынан көбісі (56,5%) 10 жыл және одан да көп жұмыс тәжірибесіне ие. Сауалнамаға қатысқан мұғалімдердің  – 44,7%-ының ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс  тәжірибесі 5 жыл және одан да көп. 56,5%-ы  инклюзивті білім беру бойынша қысқа мерзімді курстарды аяқтаған. Еліміздегі педагогтардың инклюзивті тәжірибені енгізуге және АСБ бар баланы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысында өз функцияларын толық орындауға дайындығы жеткіліксіз екені анықталды. Қорытынды: Алынған мәліметтерге сүйене отырып, еліміздегі педагогтардың көпшілігі мінез-құлқы бұзылған, қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттесу бұзылыстары бар, басқаша айтқанда, аутизм белгілері бар балаларды оқытуда және оларды сүйемелдеуде әдістемелік қолдау мен біліктілікті арттыру қажеттілігін сезінеді деген тұжырым жасауға болады.

Жүктеулер

Жарияланды

29.03.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Кошербаева . L. ., Исмагулова S., Кожагельдиева L., Ахтаева N., & Пена-Бокиете Y. (2024). Қазақстан мектептерінде аутистік спектр бұзылыстары бар балаларға білім беретін педагогтардың дайындығы туралы мәселелер. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 146(1), 71–83. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/421

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика