Зейін жетіспеушілігі мен гипербелсенділік синдромы бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу
Қаралымдар: 98 / PDF жүктеулері: 788
Кілт сөздер:
зейін жетіспеушілігі мен гипербелсенділік синдромы, диагноз, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу.Аңдатпа
Мақалада зейін жетіспеушілігі мен гипербелсенділік синдромы бар
балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің маңызы мен мәні анықталды.
Сондай-ақ қазіргі инклюзивті білім беру жүйесіне қатысты барлық балалар білім беру
мекемелерінде толыққанды білім алуға, білім ортасының балаға қолайлы болуына,
баланың осы ортада тез әлеуметтенуіне мән берілуі тиіс.
Зейін жетіспеушілігі мен гипербелсенділік с-индромын түбегейлі, жалпылама
қарастырмау, диагностиканың кешеуілдеуі, дер кезінде басталуы тиіс медициналық,
психологиялық, педагогикалық сүйемелдеудің, көмектің, түзету жұмыстарының
кеш басталуына байланысты көптеген мәселелерге алып келеді. Себебі, бұл синдром
бірінші кезекте баланың өз ортасына, қоғамға бейімделе алмауына және отбасындағы
қарым-қатынастың шиеленісіне алып келеді.
Тәжірибелік зерттеудің мақсаты кіші мектеп жасындағы балалардағы зейін
жетіспеушілігі мен гипербелсенділік синдромының көріністерін психологиялықпедагогикалық сүйемелдеу бағдарламасының көмегімен түзету ерекшеліктері мен
мүмкіндіктерін зерттеу.
Зейін жетіспеушілігі мен гипербелсенділік синдромы бар балаларды психологиялықпедагогикалық сүйемелдеу мәселесі төңірегіндегі зерттеу еліміздегі осы мәселені
зерттеудің маңыздылығын, аз зерттелгендігін және өзектілігін айқындайды.
Зерттеу барысында «Баладағы гипербелсенділікті сәйкестендіру критерийлері»
әдістемесі(П.Бейкер және М.Алворд),«Ата-аналар мен мұғалімдерге арналған
сауалнама» (Е.П. Брязгунов пен Е.В. Касатикова), «Аралас сызықтар» тесті қолданыла
отырып, анықтаушы, қалыптастырушы және қорытынды кезеңдері бойынша
жұмыстар жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша зейін жетіспеушілігі мен
гипербелсенділік синдромы бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу
бағдарламасы нәтижелі болатыны дәлелденді.
Зерттеу зейін жетіспеушілігі мен гипербелсенділік синдромы бар балаларға, олардың
ата-аналарына және мұғалімдерге психологиялық-педагогикалық көмектің қажеттігін
және тәжірибелік зерттеу нәтижелері зейін жетіспеушілігі мен гипербелсенділік
синдромының көріністерін түзету мүмкіндіктерін айқындайды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.