Екінші сынып оқушыларының ағылшын тілі сабағында диалогтік оқыту әдісі арқылы түсіну дағдыларын қалыптастыру


Қаралымдар: 58 / PDF жүктеулері: 66

Авторлар

  • Г.Т. Абдуллина Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • А.А. Куралбаева Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • У.Т. Жумабаева Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

бастауыш сынып, түсіну дағдысы, диалогтік оқыту, ағылшын тілі, рөлдік ойындар, әдіс, оқу бағдарламасы

Аңдатпа

Бұл мақалада 2-сынып оқушыларына ағылшын тілін оқытудың әдістемелік негіздері, сондай-ақ ағылшын тілін диалогтық оқытудың мәні мен функциялары қарастырылады. Диалогтік оқытудың маңыздылығы мен күрделілігіне, оқушының
тілді қаншалықты тез меңгере алатынына жан-жақты талдау жүргізілді. Диалог дегеніміз-екі немесе одан да көп адамдар арасындағы пікір алмасу. Мұғалім мен оқушының
бір-бірімен қарым-қатынасы және пікір алмасу балаға өз ойларын еркін білдіруге, тілді
тез және жүйелі түрде үйренуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, жұмыста тілді үйрену үшін оны түсіну функциясы маңызды екендігі дәлелденді. Диалогтық оқыту арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру,
түсіну дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың білім сапасын және олардың білімге
қызығушылығын арттыру маңызды мақсаттардың бірі болып табылады. Диалогтық
оқыту арқылы түсіну дағдыларын қалыптастыру үшін мұғалім сабақтарды қызықты
өткізуі керек. Оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыру үшін қарапайым оқыту формаларын, атап айтқанда «сұрақ-жауап» диалогтарын қолданған жөн.
Әр түрлі ойындар арқылы сабақтарды тиімді өткізу. Ойын түрлері және диалогтық
оқытудың нәзіктіктері сипатталған. Сабақтарды ойын түрінде өткізген кезде бала
қызығушылық танытады және жаңа сөздерді оңай есте сақтайды. Қысқа рөлдік ойындар
ұсынылған

Жүктеулер

Жарияланды

09.02.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Абдуллина, Г. ., Куралбаева, А., & Жумабаева, У. (2024). Екінші сынып оқушыларының ағылшын тілі сабағында диалогтік оқыту әдісі арқылы түсіну дағдыларын қалыптастыру. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 139(2), 15–25. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/652

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика