Жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру аясында мамандандырылған (музыка, спорт, көркем) мектеп білім алушыларының құзыреттілігін бағалау


Қаралымдар: 79 / PDF жүктеулері: 59

Авторлар

Кілт сөздер:

білім беру, функционалдық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, қысқартылған оқыту бағдарламасы, мамандандырылған мектептер, білім алушы тұлғасы, түйінді құзыреттер, құзыреттерді бағалау, оқыту нәтижелері

Аңдатпа

Ғылыми парадигмалардың өзгеруі ғылыми-педагогикалық процеске қатысушылардан маңызды педагогикалық міндеттерді шешу жолдарын белсенді іздеуді талап етеді. Зерттеуде қысқартылған оқу бағдарламасы аясында химия сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жағдайын талдау ұсынылады. Сонымен қатар, химия пәніне қатысты жаратылыстану сауаттылығын дамыту мәселесі жан-жақты қарастырылады.

Зерттеу барысында шетелдік және қазақстандық ғалымдардың аталмыш проблема бойынша ғылыми еңбектері зерделенді, олардың негізінде  жетекші әдіснама әлеуетін пайдалану қажеттілігі туралы қорытындылар жасалды.  Мұндай қажеттілік Қазақстан Республикасының оқыту және тәрбиелеу жүйесінде байқалған  трансформациясынан туындады.

Мақалада қозғалған проблема  өзгермелі болмыс жағдайында адамның өмірге дайындығының кепілі болып табылатын білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың ғылыми негіздемесі мәселесін шешуде өзекті болып табылады. Функционалдық сауаттылық жеке тұлғаның негізгі құзыреттерінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде көрсетілген. Функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру - Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі.

Қысқартылған оқыту бағдарламасы аясында химия сабақтарында жаратылыстану сауаттылығының құрамдас бөлігі - функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша оқыту нәтижелерін қамтамасыз етуде жалпы орта білім беру жүйесін реттейтін нормативтік құжаттардың мазмұнын талдау, осы бағыттағы оқу процесін жоспарлаудың негізгі тенденцияларын айқындауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, химия сабақтарында білім алушылардың жаратылыстану-ғылыми құзыреттілігінің қалыптасуын бағалаудың жолдары мен тәсілдерін іздеудің маңызды әдіснамалық мәселесі айқындалады.

Жүктеулер

Жарияланды

29.03.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Хамзина, Ш., Сейсова, А., Хасенова, М., & Сулейменова, М. (2024). Жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру аясында мамандандырылған (музыка, спорт, көркем) мектеп білім алушыларының құзыреттілігін бағалау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 146(1), 270–282. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/668

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика