Белгісіздік жағдайында тұлғаның басым психикалық жай-күйінің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері
Қаралымдар: 16 / PDF жүктеулері: 32
Кілт сөздер:
басым психикалық күй, белгісіздік, дағдарыс, бейімдеу, ішкі үйлесімділік, сенімділік.Аңдатпа
Бұл мақалада Л. В. Куликовтың басым психикалық күйді диагностикалау әдістемесінің аудармасы мен бейімдеуінің нәтижелері берілген. Зерттеу үшін осы әдістемені қолданудың теориялық негіздемесі берілген. Л. В. Куликовтың басым психикалық күйді диагностикалау сауалнамасы бүгінгі күні тұлғаның басым психикалық жай-күйінің психологиялық және әлеуметтік-психологиялық деңгейлерінің сипаттамаларын бағалаудың танымал және кеңінен қолданылатын қазіргі заманғы әдістерінің бірінен саналады.
Жұмысымыздың негізгі мақсаты қазақ тілінде тұлғаның басым психикалық жай-күйін бағалаудың психодиагностикалық құралдарының қатарын кеңейту болды.
Әдістемені бейімдеу шеңберінде Қазақстан Республикасының әртүрлі жастағы респонденттеріне Альфа Кронбах коэффициенті σ бойынша сауалнама шкалалары мен пункттерінің ішкі келісімділігі тексерілді. U Манна-Уитни критерийі бойынша зерттеу тобының әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктерінің есебі жүргізілді. Әдістеменің тұлғаның басым психикалық жай-күйінің психологиялық және әлеуметтік-психологиялық деңгейлерін өлшеу кезінде ішкі келісімі анықталды. Сонымен бірге, зерттеу дағдарыс кезіндегі тұлғаның белгісіздік жағдайларының ең типтік мазмұнын, типтік психикалық күйлерін анықтайды.
Біздің нәтижелерімізге сүйене отырып, біз 14 пен 67 жас аралығындағы респонденттердің жай-күйін, мінез-құлқын, әртүрлі құбылыстарға қатынасын сипаттайтын белгілерді айқындайтын мәлімдемелер жиынтығы бар сенімді әдіс ретінде пайдалану үшін Л.В. Куликовтың басым психикалық күйді диагностикалау әдісін ұсынамыз.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.