Психологиядағы сиблингтік қатынастарды зерттеулерге шолу
Қаралымдар: 32 / PDF жүктеулері: 31
Кілт сөздер:
сиблингтер, сиблингтік қатынастар, отбасылық қарым-қатынас, дамудың әлеуметтік жағдайы, сиблингтің позициясы, тұлғалық даму.Аңдатпа
Сиблингтер арасындағы қатынастар адам өміріндегі ең ұзақ, әрі маңызды қатынас болып табылады. Бала өмірге келген отбасы оның дамуының әлеуметтік жағдайы болып табылады. Демек бала өз ата-анасымен бірге өз сиблингтерімен қарым-қатынас жасау үстінде дамып, жетіледі. Оның адамның дамуына, тұлғалық қалыптасуына әсерін әлемде өте көп ғалымдар зерттеген. Бүгінгі күнге дейінгі психология ғылымындағы сиблингтік қатынастарды зерттеулерге шолу «сиблинг» ұғымына түсініктеме беруден басталып, психологиялық бағыттардағы сиблингтер арасындағы қатынастар түсініктеріне тоқталумен жалғасады. Одан кейін шетелдік, ресейлік және отандық психология ғылымындағы осы бағыттағы зерттеулерге талдау жасалды. Сиблингтік қатынастар адам өмірінің түрлі кезеңінде әртүрлі сипатта болуы мүмкін, оған әсер ететін факторлар да сан алуан. Сиблингтер өздерінің отбасындағы туылу ретіне байланысты белгілі-бір позицияға ие болады. Ол позиция сиблингтің дамуына және тұлғалық қалыптасуына, тіпті өмірде қол жеткізетін жетістіктеріне де әсер етеді. Әрине, сонымен қатар сиблингтердің жынысы да бұл жағдайда маңызды рөл атқарады. Мақалада сиблингтердің арасындағы қатынастарға отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі, анаға баланың бауыр басуы мен сиблингтердің аналарының бар болуы қалай әсер ететіндігі қарастырылған. Сонымен бірге, сиблингтердің бірінде физикалық немесе психикалық ауру болған жағдайдағы олардың өзара қатынастары да талқыланған.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.