Қазақстандық спорт әлеуметтануы: жастардың денсаулығы мен денешынықтыру жағдайларын талдау


Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

Кілт сөздер:

жастар, спорт, денешынықтыру, NEET жастар, студент жастар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, әлеуметтанулық зерттеу, бұқаралық спорт.

Аңдатпа

Ғылыми мақалада спорт әлеуметтануының қазақстандық әлеуметтанулық зерттеулердегі жағдайы мен жастардың денсаулығы, бос уақытын ұйымдастырудағы мәселелері талқыланады. Денсаулық – жеке адамның және жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының ресурсы, дамыған мемлекет мәртебесінің көрсеткіші. Жастардың денсаулықтарын сақтау мен нығайтудағы басты спорт пен денешынықтыру мәдениеті қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр.

Автор, ғылыми мақалада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері мен еліміздегі туризм және спорт саласындағы заңнамалық құжаттарды, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спорт саласын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын қарастырды. Сонымен қатар, ҚР-ғы жастар туралы ұлттық статистикалық мәліметтердің динамикалық көрсеткіштеріне талдау жасады. Мақаладағы негізгі фокус ол, қазақстандық жастар денсаулығы, олардың бос уақытын ұйымдастыруы және спортпен айналысу жағдайлары бойынша жүргізілген отандық әлеуметтанулық зерттеу жұмыстарында талдау жасау. Мақалада қарастырылған ірі қазақстандық әлеуметтанулық зерттеулер: «Қазақстан жастары: құндылықтарын, сенімін, мақсатын бағалау», «Қазақстандағы NEET жастардың әлеуметтік ұстанымдары», «Аdil qala: қазақстан қалаларындағы әлеуметтік әділдік».

Автор, мақала тақырыбының өзектілігін ашу мақсатында спорт және денешынықтыру бағытындағы теориялық еңбектерді талдайды және  Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мамандары және Қазақ Спорт және туризм академиясының мамандарымен сараптамалық сұхбатанама жүргізіп, зерттеу нәтижесін ұсынады.

Жүктеулер

Жарияланды

26.09.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Налшыбек, А. ., Әлқожа, Р., & Саликжанов, Р. . (2024). Қазақстандық спорт әлеуметтануы: жастардың денсаулығы мен денешынықтыру жағдайларын талдау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 148(3), 404–414. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/886