Түркістан облысының тәжіктері: этникалық толеранттылық және мәдениетаралық өзара қарым-қатынастар


Қаралымдар: 38 / PDF жүктеулері: 25

Авторлар

Кілт сөздер:

этносаралық толеранттылық, мәдениетаралық қатынастар, этносаралық қатынастар, мәдениетаралық диалог, интеграция.

Аңдатпа

Мақалада Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Гүлстан, Х.Тугушев, Оргебас ауылдарында және Түркістан қаласында 2023 жылы жүргізілген далалық зерттеу нәтижелері көрсетілген. Бұл мақаланың мақсаты Түркістан облысында тұратын тәжік этникалық тобының басқа мәдениеттермен қарым-қатынасының сипатын анықтау және осы аймақтың тұрғындары арасында, оның ішінде тәжіктер арасында толеранттылық сипатын түсіндіру, сондай-ақ аймақтағы толеранттылықтың дамуына әсер ететін факторларды анықтау болып табылады. Зерттеу нәтижелері зерттеу объектісі болып табылатын топтар арасында толеранттылыққа негізделген өзара оң қарым-қатынастардың дамып отырғанын анықтады. Бұған олардың ашықтығы, олардың арасындағы дамып келе жатқан жағымды қарым-қатынастар, ынтымақтастық және мәдениетаралық диалог дәлел бола алады. Сонымен қатар, халықтың қоныстану түрі, яғни полиэтникалық немесе моноэтникалық елді-мекенде өмір сүруі олардың толеранттылығы мен мәдениетаралық қатынастарына ерекше әсер етпейді.

Жүктеулер

Жарияланды

26.09.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Накипбаева, Ж. ., & Сәдуақасова, А. . (2024). Түркістан облысының тәжіктері: этникалық толеранттылық және мәдениетаралық өзара қарым-қатынастар. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 148(3), 386–403. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/937

Журналдың саны

Бөлім

Әлеуметтану