ЖОО-да студенттердің цифрлық мәдениетін қалыптастыру (жұмыс тәжірибесінен)
Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
цифрландыру, цифрлық мәдениет, педагогикалық технология, цифрлық сауаттылық, сауалнамаАңдатпа
Мақалада педагог пен болашақ маманның цифрлық мәдениетінің жеке компоненттері
қарастырылған. Педагогтың ақпараттық мәдениеті, цифрлық мәдениеті, цифрлық құзырет, цифрлық сауаттылық ұғымдарына анықтамалар берілген. Цифрлық мәдениетті қалыптастырудың теориялық негізделген педагогикалық жүйесінің тиімділігін растайтын эмпирикалық мәліметтерді алу үшін студенттерге сауалнама жүргізілді. Автор студенттерге цифрлық ортаны, соның ішінде қарым-қатынасты ұйымдастыру және оқу мен ғылыми-зерттеу қызметінің міндеттерін шешу үшін белсенді пайдалану мүмкіндігін беру қажеттігін алға тартады. Жоғары оқу орнындағы бакалавриат студенттерінің цифрлық мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыс тәжірибесінен алынған мәліметтер және болашақ мамандардың цифрлық мәдениет туралы пікірлері келтірілген.






