Болашақ педагог мамандарға ақпараттық коммуникациялық технологиялар негізінде білім беру және ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мәселелері
Қаралымдар: 32 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
Ақпараттық коммуникациялық технология, білім беру, ақпараттық мәдениет, ақпараттық қоғам, студентАңдатпа
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың біздің өмірімізге етене енуі, білім беру жүйесін ұйымдастыруға жаңаша көзқарасты талап етеді. Ақпараттық қоғам талабына сай өз қызметінде ғылыми-техниканың соңғы жетістіктерін оңтайлы пайдалана білетін маман дайындау қажеттілігі өзекті мәселе. Ғылыми және практикалық зерттеулерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар адамзат танымының әдіснамалық бағыттағы ең негізгі нысаны болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқыту үдерісінде пайдалану арқылы білім беру қызметінде көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады. Ақпараттық-коммуникациялық технология қоғам талабына сәйкес педагог пен білім алушының ақпараттық құзыреттілігіне қажетті деңгейін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Білім беру жүйесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияны енгізудің білім алушылардың өзіндік жұмыстарды орындауында, ал оқытушылар үшін білім беру үдерісін жетілдіруде маңызы зор. Оқу үдерісін сапалы жетілдіру білім беруді ақпараттандыру мен оқыту үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдауға байланысты.






