Психологиядағы «ерік» категориясының және тұлғаның ерік сапаларының тұжырымдамалық негіздері
Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
ерік, ерік сапалары, ерікті реттелу, мінез-құлықтың еріктік сипаттары, тұлғаның ерік сапаларыАңдатпа
Тұлға құрылымында адамның ерік сапалары маңызды орын алады. Адамның ерік сапаларының көрінуі адамның түркілерімен, оның адамгершілік бағдарларымен ғана емес, сонымен бірге жоғары жүйке жүйесінің туа берілген қасиеттерінің ерекшеліктерімен де байланысты. Ерік сапаларының дамуы және оны зерттеу іс-әрекеттің көптеген түрлері үшін үлкен мәнділікке ие. Мақалада қазіргі психологияда «ерік» категориясын және тұлғаның ерік сапаларының теориялық және әдіснамалық негіздеріне талдау жүргізіліп, оның қызметтері, құрылымы, жіктемелері сипатталады. Оқу іс-әрекеті процесінде студенттердің ерік-жігерінің дамуының негізгі факторлары сипатталған, олар: мотивация; өз іс-әрекетінің жағдайын түсіну; өз іс-әрекетінің қоғамдық маңыздылығын түсіну; жеке психологиялық ерекшеліктер; құндылықтар жүйесі; жеке тұлғаны субъективті бақылау деңгейі; студенттік ұжым; ЖОО-да оқыту және тәрбиелеу жүйесі; студенттік өмір салты. Білім беру процесінің субъектілері ретінде студенттердің ерік-жігерінің динамикасын салыстырмалы талдау нәтижелері берілген.






