Цифрлық сауаттылық оқытуда виртуалды және толықтырылған шындықты қолдану негіздері


Қаралымдар: 4 / PDF жүктеулері: 2

Авторлар

  • Н. Карелхан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Н.К. Удербаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

білім беру, виртуалдық шындық, толықтырылған шындық, AR/VR-технологиялары, Augmented Reality, Virtual reality, STEM

Аңдатпа

Заманауи цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану қазіргі
таңдағы білім алушыларды заманға сай оқытуға арналған қажетті негізгі құралдардың бірі. Оқу процесіне ендірілмеген жаңа технологияларды қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Қазіргі заманның оқушылары цифрландырудың заманауи мүмкіндіктерін оқу процесінде қолданудың нәтижесін көріп, болашақта қолдана алуы керек. Осыған орай білім беруде виртуалды және толықтырылған шындықты қолдану заман талабы. Толықтырылған және виртуалды шындықты оқу процесінде қолданудың тиімділігін зерттеуге бүкіл әлемдегі алдыңғы қатардағы дамыған елдердің ғалымдары мен педагогтары қарқынды айналысуда. Сондықтан мақалада бастауыш сыныптарда цифрлық сауаттылықты оқытуда толықтырылған және виртуалды шындықты қолдануды дамытудың халықаралық және отандық теориясы мен практикасы зерделеніп, Қазақстан Республикасының мектептерінде цифрлық сауаттылық оқытуда виртуалды және толықтырылған шындықты қолдануды жетілдірудің кейбір теориялық негіздері қарастырылды. Сонымен қатар, мақалада бастауыш сыныптарда цифрлық сауаттылықты оқытуда виртуалды және толықтырылған шындық технологиялары қазіргі таңға дейін оқу процесіне ендірілмегені және оны оқу процесіне ендірудің ғылыми-практикалық негіздерінің қажеттілігі айқындалып, практикалық тұрғыда VR және AR технологияларын құруда қолданылатын аппараттық-бағдарламалық жабдықтардың ерекшеліктері анықталды.

Жүктеулер

Жарияланды

20.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Карелхан, Н. ., & Удербаева, Н. . (2023). Цифрлық сауаттылық оқытуда виртуалды және толықтырылған шындықты қолдану негіздері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 138(1), 485–493. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1601

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика