Оқушылардың суицидтік мінез-құлқының алдын алудағы әлеуметтік-педагог жұмысының ерекшеліктері


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • А.І. Айберген Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
  • А.И. Ахметова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Ұ.Ш. Жамирова М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
  • Е.Е. Омарбеков Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
  • К.О. Оразбаева Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Кілт сөздер:

әлеуметтік-педагог, өз-өзіне қол салу, күйзеліс, психопатологиялық синдром, метапатология, өмірдің мәнін жоғалту, суицидтік мінез-құлық, аутодеструктивті мінез-құлық, парасуицид

Аңдатпа

Мақалада 6В01801 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау» білім беру бағдарламасының мазмұнына «Балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының алдын алудың әлеуметтік-педагогикалық негіздері» атты оқу пәнін қосу арқылы тұлғаның суицидтік мінез-құлқының алдын-алу бойынша жүргізілген жұмыстардың мазмұны берілген. Атқарылған жұмыстың тиімділігін бағалау нәтижелері «Рухани  жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде суицидтің әлеуметтік-педагогикалық алдын алу проблемаларын шешуге ғылыми үлес қосуға мүмкіндік берген. Ұсынылып отырған пәннің мақсаты – жеке тұлғаның суицидтік мінез-құлқын алдын-алу бойынша жүйелі білімі мен дағдылары бар, балалар мен жасөспірімдер арасында суицид мәселесін зерттеумен байланысты міндеттерді заманауи ғылыми-практикалық, шығармашылық және жоғары кәсіби деңгейде шеше алатын болашақ әлеуметтік педагогтарды даярлау.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Айберген, А., Ахметова, А. ., Жамирова, Ұ. ., Омарбеков, Е., & Оразбаева, К. . (2024). Оқушылардың суицидтік мінез-құлқының алдын алудағы әлеуметтік-педагог жұмысының ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 136(3), 13–23. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1682

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика