Докторанттардың білім берудегі ғылыми зерттеулердің тиімділігі мен сапасын арттыруға дайындығын зерделеу


Қаралымдар: 5 / PDF жүктеулері: 2

Авторлар

  • Г.А. Абаева Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • A.Б. Акпаева Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • А.И. Ахметова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • А.И. Айберген Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

инновация, білім берудегі инновация, педагогикалық эксперимент, инновацияны бағалау, зерттеу, тиімділік, сапа, интервенция

Аңдатпа

Экономика жоғары мектебімен (Ресей) бірлесе отырып, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қазақстан) «Білім берудегі инновацияларды таңдау және бағалау және педагогикалық эксперимент жүргізу» тақырыбында білім беру саласындағы ғылыми зерттеулердің тиімділігі мен сапасы мәселесі бойынша ғылыми жобаны жүзеге асырды. Зерттеудің өзектілігі докторанттардың диссертацияның дизайнын әзірлеуге және практикаға енгізуге дайындығын зерттеумен, сондай-ақ таңдаудың тиімділігін анықтау құралдарын әзірлеумен, білім берудегі инновациялық жобаларды іздеумен және педагогикалық эксперименттерді жүргізумен анықталады. Социологиялық сауалнама нәтижесінде біз Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология Институтының докторанттары мен ғылыми кеңесшілерінің таңдау және бағалау әдістерін түсіну негізінде докторлық зерттеулердің тиімділігі мен сапасын арттыру мәселесі туралы түсінігін анықтадық. Білім берудегі инновациялар, халықаралық инновациялық конкурстың (KIvO) қосалқы кезеңі ретінде Қазақстандағы білім беру инновацияларының базасын зерделеуге негізделген. Докторанттар мен ғылыми кеңесшілер анықталған әдістерді докторантурада қолдануы үшін «Заманауи білім беру технологияларының тиімділігін зерттеу» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткіздік. Ал интервенциядан кейін біз докторанттардың педагогикалық зерттеулердің жобасын әзірлеуге және енгізуге дайындығын зерттедік.

Жүктеулер

Жарияланды

20.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Абаева, Г. ., Акпаева A. ., Ахметова, А. ., & Айберген, А. . (2023). Докторанттардың білім берудегі ғылыми зерттеулердің тиімділігі мен сапасын арттыруға дайындығын зерделеу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 138(1), 337–351. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1588

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика