ҚР қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық және әдістемелік аспектілері


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • К.Д. Бузаубакова М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
  • У.Т. Нурманалиева М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Кілт сөздер:

құзыреттілік, цифрлы құзыреттілік, цифрлы-технологиялық құзыреттілік, цифрлы-әдістемелік құзыреттілік, цифрлы педагогикалық кампус

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасында қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық және әдістемелік аспектілері анықталып, «құзыреттілік», «цифрлықұзыреттілік», «цифрлы-технологиялық құзыреттілік», «цифрлы-әдістемелік құзыреттілік», «креативтілік», «цифрлы педагогикалық кампус» ұғымдарының мәні ашылады.
Мақалада құзыреттілік компоненттерінің мәні жаңаша мазмұнда сипатталады: ұйымдастырушылық қабілеттілік; эмпатияға қабілеттілік; рефлексиялық қабілеттілік.
Сондай-ақ, мақалада қашықтықтан оқыту жағдайында болашақ педагогтің цифрлытехнологиялық және цифрлы-әдістемелік құзыреттіліктерінің мазмұны айқындалады. Қашықтықтан оқыту жағдайында болашақ педагогтің цифрлы-технологиялық құзыреттілігі болашақ педагогтің интернет ресурстар, цифрлы оқыту платформасы, заманауи компьютерлік бағдарламалар, мультимедиалық құрылғылармен жұмыс жасау дағдысының қалыптасуымен анықталса, ал болашақ педагогтің цифрлы-әдістемелік
құзыреттілігі болашақ педагогтің электронды портфолио, электронды медиатека жасақтай алуымен және педагогикалық коучинг, педагогикалық тренингтер ұйымдастыра алуымен сипатталады.
Қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастырудың мазмұны ашылып, нобайы ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланды

17.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бузаубакова, К. ., & Нурманалиева, У. . (2023). ҚР қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық және әдістемелік аспектілері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 135(2), 47–60. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1718

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика

Most read articles by the same author(s)