ҚР қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық және әдістемелік аспектілері
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
құзыреттілік, цифрлы құзыреттілік, цифрлы-технологиялық құзыреттілік, цифрлы-әдістемелік құзыреттілік, цифрлы педагогикалық кампусАңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасында қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық және әдістемелік аспектілері анықталып, «құзыреттілік», «цифрлықұзыреттілік», «цифрлы-технологиялық құзыреттілік», «цифрлы-әдістемелік құзыреттілік», «креативтілік», «цифрлы педагогикалық кампус» ұғымдарының мәні ашылады.
Мақалада құзыреттілік компоненттерінің мәні жаңаша мазмұнда сипатталады: ұйымдастырушылық қабілеттілік; эмпатияға қабілеттілік; рефлексиялық қабілеттілік.
Сондай-ақ, мақалада қашықтықтан оқыту жағдайында болашақ педагогтің цифрлытехнологиялық және цифрлы-әдістемелік құзыреттіліктерінің мазмұны айқындалады. Қашықтықтан оқыту жағдайында болашақ педагогтің цифрлы-технологиялық құзыреттілігі болашақ педагогтің интернет ресурстар, цифрлы оқыту платформасы, заманауи компьютерлік бағдарламалар, мультимедиалық құрылғылармен жұмыс жасау дағдысының қалыптасуымен анықталса, ал болашақ педагогтің цифрлы-әдістемелік
құзыреттілігі болашақ педагогтің электронды портфолио, электронды медиатека жасақтай алуымен және педагогикалық коучинг, педагогикалық тренингтер ұйымдастыра алуымен сипатталады.
Қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастырудың мазмұны ашылып, нобайы ұсынылады.






