М. Жұмабаев еңбектеріндегі педагогикалық идеялар
Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
педагог, педагог-ақын, ұстаздық қызмет, өнер-білім, дамыта оқыту, мектеп, оқу-ағарту жұмысы, ұлттық тәлім-тәрбиеАңдатпа
Мақалада М. Жұмабаевтың еңбектеріндегі педагогикалық идеялар айқын көрсетілген. Педагог-ақынның ұстаздық қызмет жолдарына қысқаша тарихи шолу жасалған.
Сонымен қатар, М. Жұмабаевтың «Педагогика», «Бастауыш мектепте ана тілі» және «Жазылашақ оқу құралы һәм мектебіміз» еңбектеріне талдау жасалған. М. Жұмабаевтың өлеңдеріндегі педагогикалық ойларға да талдау жасалған. Әдіскер-ақынның «Педагогика» еңбегіндегі ағартушылық көзқарастары айқындалған, «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту» еңбегін қарастыра отырып, нақты осы оқулық арқылы бала тілін дамыту жолдарына талдау жасалған. Ал, «Жазылашақ оқу құралы һәм мектебіміз» деген еңбегін қарастыра отырып, болашақ қазақ мектебінің қандай болу керектігі туралы нақтыланған. Педагог-ақынның педагогикалық ойлары Абай, Міржақып, Л.С. Выготский және Г.А. Цукерманның педагогикалық ойларымен интеграция жасалған.






