Ересектердің компьютерлік сауаттылығын қалыптастырудың андрагогикалық негіздері


Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • К.М. Сагиндыков Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
  • Г.Ж. Менлибекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
  • Н.Ж. Мукушева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

Кілт сөздер:

компьютерлік сауаттылық, андрагогика, тьютор, ақпараттық мәдениет, ересектер, әлеуметтік бағытталған бағдарламалар, электронды телефон

Аңдатпа

Ересек адамдардың жас мөлшері мен тұрғылықты аймағына қарамастан
ақпараттық технологияларға қол жеткізу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін олардың компьютерліксауаттылығын қалыптастыру «электрондық үкіметтің» енгізілуі және интернет арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге байланысты маңызға ие болды. Ересек адамдардың білім беру үдерісіне
белсене қатысуы оларды компьютерлік сауаттылыққа оқытуға, өзін-өзі дамытуды жүзеге асыруға, қазіргі заманғы өмір жағдайларына бейімделуге және ақпараттық қоғамға қосылуға көмектеседі.
Сондай-ақ, олардың ой-өрісін, қарым-қатынас аумағын кеңейтуге, еңбекке және белсенді өмір сүру сапасын арттыруға оң әсер етеді. Биліктің, бизнестің, қоғамдық ұйымдардың, ерікті жастар қозғалысының және бұқаралық ақпарат құралдарының өзара жүйелі бірлесе отырып, ересектердің компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру үшін жаппай тегін оқыту жүйесін құру керек.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сагиндыков, К. ., Менлибекова, Г. ., & Мукушева, Н. . (2024). Ересектердің компьютерлік сауаттылығын қалыптастырудың андрагогикалық негіздері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 127(2), 85–91. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1927

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика

Most read articles by the same author(s)