Жоғары оқу орнындағы студеттердің көшбасшылық қасиеттерін ұлттық сипатта өркендетудің амалдары мен жолдары
Қаралымдар: 13 / PDF жүктеулері: 3
Кілт сөздер:
көшбасшылық, креативтілік, бәсекеге қабілетті, патриоттық құндылықтар, ұлттық мінезАңдатпа
Мақалада автор жоғары оқу орны студенттерінің білім мен біліктіліктерін
арттыруымен қатар, білім алушылардың бойларында көшбасшыға тән қасиеттерге тоқталады.
Сонымен қатар, студенттердің бойларында көшбасшылық қасиетті ұлттық сипатта дамыту жолдары қарастырылған. Студенттердің бойларында ұлттық сананы қылыптастыру барысында білім беру үдерісіне қажетті ұғымдар мен мағлұматтар іріктеліп берілген.
Жоғары оқу орнында көшбасшының қасиеттерін дамыту жолдарымен ұлттық мінез, ұлттық әдет-ғұрып және мәдениеттердің ерекшеліктерін қарастырған авторлардың еңбектері де сараланған. Мақала жазу барысында жоғары оқу орнының екі факультетінің студенттерімен зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жұмыстардың нәтижелері диаграммаларда көрсетіліп, зерттеу жұмыстарының нәтижелері талқыланған.
Елдің болашағы – білімді жастар болғандықтан, олардың тәрбиесіне баса көңіл аударуды уақыт талап етуде. Сол себепті бәсекеге қабілетті, болашақта еліміздің гүлденуіне, дамуына өзінің маңызды үлесін қоса алатын мамандарды даярлауымыз қажет.






