Жаңа білім беру жүйесіне үйлесімді мұғалім тұлғасы
Қаралымдар: 16 / PDF жүктеулері: 3
Кілт сөздер:
кәсіби іс-әрекет, мұғалім тұлғасы, жаңа білім беру жүйесі, нәтижеге бағытталған ісәрекет, шығармашыл тұлға,тәрбиеАңдатпа
Бұл мақалада бәсекеге қабілетті, рухани дүниесі бай шығармашыл мұғалім тұлғасының кәсіби іс-әрекеті мен жаңа тұрпатты мұғалім тұлғасыныңболмысы, оның мақсаттары мен міндеттері, оқу үрдісінде инновациялық әдістер мен технологияларды қолданудың тиімділігі туралы баяндалады.Жаңа заман мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіс-тәсілге бай, зерттеушілік қабілеті жоғары, дидактикалық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да құзіреттіліктің жоғары деңгейімен сипатталған рухани адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға болуы тиіс екендігі қарастырылды. Мұғалім тұлғасы жан-жақты сипатталып, жаңа тұрпатты мұғалімнің шешетін міндеттері мен оқытуының мақсаты берілді.
Мақалада отандық және шетелдік ғалымдар, педагогтар, психологтар еңбектерінде көрініс тапқан мұғалім тұлғасының кәсіби іс-әрекеті туралы пікірлері айтылады.






