ҚР жаңартылған білім бағдарламасына көшу жағдайында мектепалды педагогтарының біліктілігін арттыру
Қаралымдар: 8 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
мектепке дейінгі білім беру, бастауыш білім, білім беру бағдарламасы, кәсіби құзыреттілік, мектепалды дайындық, білім беру ұйымдары, дайындық сабақтарыАңдатпа
Бұл мақала мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби
құзыреттілігін арттыру мәселесіне арналған. Ол білім беру ұйымдары мен отбасы жағдайында баланы мектепке дайындауға байланысты негізгі мәселелерді анықтайды. Сондай-ақ, мақалада әр типті білім беру ұйымдарындағы мектепалды дайындықты жүзеге асыратын, педагогтарға арналған біліктілігін арттыру курстарының мазмұны мен технологиясы ашып көрсетілген (жалпы білім беретін мектептер, мектепке дейінгі ұйымдар, білім беру шағын орталықтары балалар дамыту, балалар шығармашылығы үйі және т.б.).
Тәжірибені талдау жұмысы авторлар әзірлеген Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті негізінде дайындалған «Дайындық сынып мұғалімі» қосымша білім беру бағдарламаның мектепке дейінгі және бастауыш білімнің жаңартылған білім беру мазмұнына көшуге байланысты өзектілігі мен тиімділігін көрсетеді. Әртүрлі білім беру ұйымдарында мектепке
дейінгі дайындық деңгейін табысты жүзеге асыру байланысты педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған.






