Ұлтаралық некеде тұратын әртүрлі діни бағдардағы ерлі-зайыптылардың қарым-қатынас ерекшеліктері


Қаралымдар: 62 / PDF жүктеулері: 48

Авторлар

  • А.Б. Валиева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан
  • А.М. Айтышева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан
  • Г.Т. Урузбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

Аңдатпа

Мақалада әртүрлі ұлт өкілдерінің ерлі-зайыптылары арасындағы қарым-қатынас сипатына талдау берілген. Зерттеудің өзектілігі елімізде және жалпы әлемде ұлтаралық некелердің жоғары деңгейімен түсіндіріледі. Зерттеудің мақсаты – ерлі-зайыптылар әртүрлі діни бағдарлардың өкілдері болып табылатын этносаралық некедегі неке қатынастарының психологиялық ерекшеліктері мен мәселелерін зерттеу. Зерттеудің тәуелсіз айнымалылары ерлі-зайыптылардың ұлты мен діни бағдарының түрі болып табылады. Талдау пәні әртүрлі дінді ұстанатын ерлі-зайыптылармен ұлтаралық некедегі неке қатынастарының психологиялық сипаттамасы болып табылады. Эмпирикалық зерттеулердің әдіснамалық негізінің белсенділік принципі (С.Л.Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, т.б.), жүйені анықтау және талдау принципі (Л.С. Выготский, Б.Ф. Ломов, т.б.), тұлғалық көзқарас (С. Л. Рубинштейн, Б. Г. Ананьев және т.б.) құрайды. Эмпирикалық бағдарламада А.Н. Волкованың “Некедегі рөлдік үміттер мен ұмтылыстар” әдістемесі, «Отбасындағы қарым-қатынас» (Ю.Е. Алешина, Л.Я. Гозман, Е.М. Дубовская) әдістемесі; «Конфликт жағдайында ерлі-зайыптылардың өзара әрекеттесу сипаты» (Ю.Е. Алешина, Л.Я. Гозман, Е.М. Дубовская) әдістемесі қолданылды. Ерлі-зайыптылардың діни бағдарын анықтау үшін И.М.Богдановскаяның «Діни бағдар сауалнамасы» және Г.Олпорт, Д.Росстың «Діни бағдар шкаласы» пайдаланылды.

Бұл зерттеу тақырыбы пәнаралық болып табылады және әлеуметтік психология, отбасы психологиясы мен этнопсихология аспектілерін қамтиды. Зерттеу нәтижелерінде отбасылық кеңес беру аясында неке қатынастарының ерекшеліктерін зерттеу және некелік өзара әрекеттестік жүйесінің бұзылуы мәселелерін шешуде ері мен жұбайының діни бағдарын анықтаудың маңыздылығы атап көрсетілді.

Автор өмірбаяндары

А.Б. Валиева, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

кафедра педагогики

Г.Т. Урузбаева, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

кафедра социологии

Жүктеулер

Жарияланды

10.12.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Валиева, А., Айтышева, . А., & Урузбаева, Г. . (2024). Ұлтаралық некеде тұратын әртүрлі діни бағдардағы ерлі-зайыптылардың қарым-қатынас ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 149(4), 368–377. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1073

Журналдың саны

Бөлім

Психология