Орта мектепте толықтырылған шынайылық қолданбасын белсенді тұтынынатын физика пәнінің оқыту методологиясы
Қаралымдар: 81 / PDF жүктеулері: 5
Кілт сөздер:
білім беру, физика, толықтырылған шынайылық, зертханалық тәжірибе, оқу үлгерімі, оқу дағдысы, когнитивті жүктеме, оқытуды ұйымдастыру, оқыту формалары, білім беру үрдісі.Аңдатпа
Қазіргі заманда иммерсивті технологиялар білім беру амал-тәсілдерін қысқа мерзімде адам танымастай етіп өзгертіп үлгеруде. Иммерсивті технологиялар ішінде толықтырылған шынайылық технологиясы ең ыңғайлы және ең қолжетімді құрал болғандықтан орта мектептегі физика пәнін оқытуда ең әлеуеттісі болып есептеледі. Дегенмен, бұл толықтырылған шынайылықты орта мектеп сыныптарында тікелей қолданатын мұғалімдер әлі де болса аз болғандықтан толықтырылған шынайылықтың мүмкіндіктерін аз ғана оқушылар пайдалануда. Физика пәнінің оқу бағдарламалары қазірдің өзінде шамадан тыс жүктелген. Оған қоса орта мектептерде әдеттегідей оқушылардың дағдыларын дамыту ресурстары жетіспейді, сондықтан озғыр технологияларды қолдануға уақыт мүлдем қалмайды. Бұл қалыптасқан жағдай оқу пәнінің мазмұнын аз қамтитын білім беру қосымша материалдарымен одан әрі қиындата түседі. Бұл мақалада біз оқушыларға оқудың оңтайлы жолы ретінде толықтырылған шынайылық қолданбасын тұтыну арқылы орта мектептегі физика пәнін оқыту әдісін зерттейміз. Біз Байсерке ауылдық округінде орналасқан бірқатар орта мектептердің оқушыларымен жасаған зерттеу жұмысымызда орта мектептегі физика пәні үшін толықтырылған шынайылық қолданбасын тұтыну арқылы оқытудағы толықтырылған шынайылықтың қолдану мүмкіндігін бағалаймыз. Біз осы ұсынылған пішім қалай жұмыс істейтінін талқылаймыз, сондықтан оны сабақ барысында күнделікті қолданылудың негізінде жасай отырып, бекітілген оқу бағдарламаларына енгізу мүмкіндіктерін қарастырамыз. Біз зерттеуге қатысқан оқушылардың осы зерттеу барысындағы сабақтарының қалай қызықты өткенін және толықтырылған шынайылық технологиясы арқасында олардың оқу үлгерімінің қалай жақсарғанын толығымен сараптаймыз. Толықтырылған шынайылық қолданбасын тұтыну арқылы физиканы оқыту әдістемесі оқушылардың дағдыларын дамытуда үлкен қызмет атқарды. Демек, біз ұсынылған орта мектепке арналған толықтырылған шынайылық қолданбасын тұтыну арқылы оқыту әдістемесі физика пәніннен біртұтас және тартымды түрде білім беруге қабілетті екенін дәлелдейміз.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.