Неліктен «жасыл химияның» баламасы жоқ?
Қаралымдар: 6 / PDF жүктеулері: 3
Кілт сөздер:
«жасыл химия», «жасыл химияның» 12 қағидасы, «жасыл химия» элементтері бар оқу жоспары, «жасыл химия» элементтері бар кәсіпорындарАңдатпа
Мақаланың мақсаты - білім беру жүйесіне және өндірістік кәсіпорындарға «жасыл химия» элементтерін енгізуді талдау. Сонымен қатар, мақала «жасыл химия» ұғымының мазмұнын ашып, дамудың негізгі кезеңдерін қарастырады.
Автор бүкіл планетаның жойылуына, соның ішінде өндірістік кәсіпорындардың қоршаған ортаны ластауына ерекше назар аударады. Осы тақырыпты зерттей отырып, проблемаларды ерте кезеңде шешу, орта мектептерде «жасыл химия» ұғымымен таныстыру мен оқытуды, сондай-ақ кәсіпорындарда «жасыл химия» элементтерін енгізу шешімдерін ұсынады.
Зерттеу нәтижесінде мынадай проблемалар анықталды: қазіргі уақытта мектеп бағдарламасында «жасыл химия» ұғымына тиісті назар аударылмаған, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы деректеріне сәйкес «жасыл химия» элементтері кездесетін өнімдері бар кәсіпорындардың дамуға мүдделілігі, сонымен бірге мемлекет тарапынан нормалары мен регламенттері жоқ. АҚШ пен Қазақстанның орта мектептерінің оқу бағдарламасын салыстырсақ «жасыл химияны» АҚШ-та 7-ден 9-сыныпқа дейін орта буында оқытады және Қазақстанда осы сыныптарда енгізу ұсынылады. Сонымен бірге мемлекеттің қатысуымен «жасыл химияны» енгізу жөніндегі кәсіпорындарды реттеу тетігін әзірлеу қажет.






