Туристік-өлкетану қызметінің педагогикалық мүмкіндіктерін зерделеу мәселелері
Қаралымдар: 4 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
туристік-өлкетану қызметі, өлкетану, туризм, педагогикалық мүмкіндіктер, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасыАңдатпа
Қазіргі уақытта, бүкіл білім беру жүйесі заманауи құзіреттіліктерді дамытуға қайта бейімделген кезде, қосымша білімнің мәні өзекті болып, жалпы білім беру үдерісіндегі оқушылардың белсенді білім беру қызметіне қызықтыру арқылы тарту. Қосымша білім берудегі туристік-өлкетану қызметі табиғатқа деген сүйіспеншілікке, экологиялық мәдениетке, ерік-жігерді қалыптастыруға, танымдық қызығушылықты арттыруға, салауатты өмір салтын құруға ықпал етеді және болашақ мамандықты таңдауға көмектеседі.
Мақалада әртүрлі дереккөздерді талдау негізінде тарихи ретроспективті туристік-өлкетану қызметінің мәселесін зерттеу дәрежесі көрсетілген. Қазақстандағы туристік-өлкетану қызметінің қалыптасуына және одан әрі дамуына арналған зерттеулерге ерекше назар аударылды. Өлкетануды және өлкетану білімін зерттеудің қазіргі жағдайына баса назар аударған отандық ғалымдардың жұмыстарымен тікелей байланысты. Олардың зерттеулерінде Қазақстанда туристік-өлкетану қызметін жүзеге асырудың түрлі мәселелері егжей-тегжейлі қарастырылған. Мақалада, Қазақстан Республикасында туристік-өлкетану қызметін дамытуға қатысты авторлық ұстаным айқын көрсетілген, онда авторлар туристік-өлкетану қызметінің болашақ бағыты бойынша, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс болып
табылатындығына және мұндай жұмыс «көшпенділер рухы» негізінде ұйымдастырылуы тиіс екендігіне назар аударған. Яғни, көшпелі мәдениетінің ерекше дүниетанымы, ұрпақтар аралық сабақтастық және дәстүрлер мен қозғалмалы өмір салтының үздіксіз жаңарту жағдайы насихатталған. Мақалада сондай-ақ, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасында белгіленген қоғамдық сананы жаңғырту аспектісінде туристік-өлкетану қызметінің педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылады.






