Жоғары мектеп педагогтарының эмоционалды интеллект пен кәсіби маңызды қасиеттерінің өзара байланысы
Қаралымдар: 5 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
педагог тұлғасы; эмоционалды интеллект; кәсіби маңызды қасиеттер; жауапкершілік; толеранттылық; стресскетөзімділік, креативтілікАңдатпа
Қазіргі қоғамның заманауи трансформация кеңістігі өндірістік және педагогикалық қызметтің әртүрлі спектрінде өзін-өзі жүзеге асыра алатын жоғары білікті кадрларға деген сұраныстың артуымен сипатталады. Ақпараттық өріс өте тез өзгеруде. Қазіргі кезде педагогтар осы түрлендірулер мен талаптарға дұрыс жауап бере ала ма, бәсекеге қабілетті білім беру процесінің субъектісі ретінде өздерінің тұлғалық ерекшеліктерін дұрыс анықтай және өзгерте алады ма және бәсекеге қабілетті мамандарды
даярлау процесінде инновациялық кәсіби дағдыларды жүзеге асыра ала ма деген сұрақ өзекті болып отыр. Осы факторларды ескере отырып, уақыт талаптарына сәйкес кәсіби педагогикалық іс-әрекеттерді барынша тиімді жүзеге асыру үшін қажетті кәсіби маңызды қасиеттерді және эмоционалды интеллектті мүмкіндігінше дамытып, білім беру кеңістігінде жоғары жетістіктерге жетуге болады. Инновациялық шындыққа сәйкес дәстүрлі білім беру алгоритмдерін түбегейлі қайта құру және жаңғырту идеялары қазіргі заманғы кәсіптік білім беруді дамытудың басым бағыттары болып табылады. Бүгінгі педагогикалық білім берудегі инновациялық қайта құрудың векторларының маңызды басымдылықтарының бірі - қазіргі заманғы кәсіптік білім беру оқытушыларының қазіргі уақытта кәсіби тұрғыдан өміршең бәсекеге қабілетті сапаларын қалыптастыру процесі. Мақала жоғары мектеп педагогтарының эмоционалды интеллектісі мен кәсіби маңызды қасиеттерінің арасындағы байланысын зерттеуге арналған. Эмоционалды
интеллект, толеранттылық пен жауапкершіліктің ерекшеліктері, сондай-ақ олардың педагогтар арасындағы қарым-қатынасы қазіргі жағдайда олардың кәсіби іс-әрекетіндегі маңызды детерминанттар ретінде қарастырылады. Оқытушылар тобындағы корреляциялық талдаудың нәтижелері жауапкершілік, толеранттылық көрсеткіштері мен эмоционалды интеллект шкалалары арасында байланыс бар екенін көрсетті. Зерттеу жоғары мектеп педагогтарының кәсіби маңызды қасиеттерін дамыту ерекшеліктерін айқындауға үлес қосады.






