Студенттердің мәдениет аралық байланысын қалыптастырудағы этникалық сәйкестік ерекшеліктері
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
этникалық сәйкестік, мәдениетаралық қарым-қатынас, мәдениет, толеранттылық, этноэгоизм, этнофанатизм, стереотиптерАңдатпа
Мақалада студенттердің мәдениетаралық қарым-қатынасындағы этникалық сәйкестіктің ерекшеліктері қарастырылады. Қазіргі әлемдегі жаһандану процесі, мәдени шекаралардың кеңеюіне, мәдениетаралық коммуникацияның қарқындылығына әсер етеді. Зерттеудің мақсаты – тұлға қасиеттерінің этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттеу, міндеті – этникалық психологияның, ұлттық сипаттағы этносаралық қатынастардың ғылыми негіздерін ашу. Эмпирикалық зерттеудің негізгі міндеті студенттерде этникалық бірегейліктің қалыптасу деңгейін анықтау және кейін этникалық сәйкестіктің қалыптасу деңгейлері тұлғааралық көпмәдениетті кеңістікте бір-біріне қатысты әлеуметтік қашықтыққа қаншалықты әсер ететінін талдау болды. Зерттеу әдістемесі ретінде Г.У солдатованың және С.В. Рыжованың «Этникалық сәйкестігінің типтері», Э.Богардустың «Әлеуметтік қашықтық шкаласы», сондай-ақ Д.Кац, К.Брейлидің «Қасиеттерді жатқызу» әдісі қолданылды. Этникалық стереотиптерді анықтауға, студенттердің өздерінің этникалық тобына және ұлтына деген көзқарасын талдауға, адамның басқа адамға қатынасын анықтаудағы жеке қасиеттердің маңыздылығына бағытталған студенттер арасында сауалнама нәтижелері берілген. Сауалнама нәтижелері бойынша студенттердің мәдениетаралық қарым-қатынас ерекшеліктері талданып, тиімді мәдениетаралық өзара әрекеттесу бойынша ұсыныстар берілген.






