Ұлы ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің ғұмырбаяндық деректері – ғылыми-педагогикалық білім кеңістігінде
Қаралымдар: 6 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
педагогика, ұстаз, Қ. А. Ясауи, ата тегі, туылған жылы, қайтыс болған жылы, Хикмет, шежіреАңдатпа
Ислам дінінің Орта Азия мен Қазақстан аумағында таралуына зор үлес
қосқан тарихи тұлғалардың бірі – Қожа Ахмет Ясауи. Ол – мұсылмандардың рухани ұстазы. Оның еңбектері мен даналық хикметтері бүгінге дейін өз маңызын жойған емес. Қ.А. Ясауидің «Диуани хикметі» тек сопылық әдебиеттің ғана емес, түркі халықтарының да ежелгі рухани ескерткіштерінің бірі болып табылады.
Аталған зерттеу жұмысы әлі күнге дейін нақты көрсетілмеген ұлы ұстаз Қ.А. Ясауидің ата тегі, туылған және қайтқан жылдары туралы деректерді оның кітабы «Хикметтің» және басқа да қолжетімді мәліметтердің негізінде айқындауға және нақтылауға бағытталған. Мақала мазмұнында Қ.А. Яссауидің шығу тегін, туған және қайтқанжылдарын дұрыс анықтау үшін миғраж және хиджра туралы ақпараттар пайдаланылды.






