Педагогикалық университет студенттерінің шет тілі кәсіби коммуникативті құзіреттілін қалыптастыруда СLIL ерекшелігін зерттеу
Қаралымдар: 147 / PDF жүктеулері: 183
Кілт сөздер:
CLIL технологиясы;, кіріктірілген оқыту;, коммуникативті құзіреттілік;, шет тілі құзіреттілігі;, тілдік емес мамандық;, химия;, кәсіби құзіреттілікАңдатпа
Заман талабына сай қазіргі педагогикалық жоғары оқу орны қызметінің маңызды бағыттарының бірі – өз кәсіби саласында шет тілін тиімді пайдалана алатын мамандарды даярлау. Зерттеу жұмысының мақсаты – мазмұн мен тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL) арқылы педагогикалық университет студенттерінің шет тілі кәсіби коммуникативті құзіреттілігін (ШТККҚ) қалыптастыру мақсатында әзірленген авторлық моделінің тиімділігін негіздеу. Осыған сәйкес, ғылыми жұмыста коммуникативті құзіреттілік тұжырымдамасы қарастырылып, ШТККҚ қалыптастырудың маңыздылығы және CLIL технологиясының ерекшелігі зерттелді. Сонымен қатар, шет тілінде кәсіби қарым-қатынаста сөйлеу құзіреттілігінің негізгі компоненттері анықталып, соның негізінде бағалау критерийлері сипатталған. CLIL студенттерінің кәсіби салада ағылшын тілінде қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқыту процесін ұйымдастыру моделі ұсынылған. Білім беру жүйесіне кіріктірілген тәсілді енгізудің ең тиімді және танымал әдістеріне мазмұндық және тілдік кіріктірілген оқытудың үлгілері жатады. Мұнда шет тілі «кәсіби білім беру мен білімді қалыптастыру құралы» ретінде әрекет етеді.
Сондай-ақ, мақалада пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту арқылы жоғары оқу орны студенттерінің шет тілі кәсіби коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған авторлық моделін енгізу нәтижелері берілді. Деректер алдын ала және пост-эксперимент нәтижелерінен алынған жазбаша мәліметтерден және бақылау барысындағы ауызша деректері бар эксперименттік оқыту үрдісіндегі зерттеулерден алынды. Органикалық химия сабақтарында CLIL оқыту мен оқудың тиімділігі кейбір салдарларды талқылау арқылы салыстырылды және бағаланды. Ғылыми жұмыста CLIL оқыту ағылшын тілін орта деңгейде меңгерген химия студенттері арасында оқудың оң нәтижелеріне әкелді деген қорытындыға келеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.