Орман шаруашылығы бағыты бойынша білім алушылардың ғылыми-зерттеу құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесі


Қаралымдар: 144 / PDF жүктеулері: 273

Авторлар

  • К.Б. Алипина C. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
  • К.Ш. Бакирова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Б.С. Сатандинова C. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Кілт сөздер:

Ғылыми-зерттеу құзыреттілігі, ынталандыру компоненті, когнитивті компонент, процессуалды компонент, рефлексивті компонент, құзыреттілікті қалыптастыру, орман шаруашылығы бағыты, білім алушылар

Аңдатпа

Мақалада орман шаруашылығы білім бағыты бойынша білім алушылар-
дың ғылыми-зерттеу құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесі сипатталған.
Ғылыми-зерттеу құзыреттілігін қалыптастырудың өзектілігі ашылып, жұмыстың мақсаты, міндеттері, зерттеу пәні және объектісі анықталған. Білім алушылардың ғылыми-зерттеу құзыреттілігін қалыптасытырудың гипотезасы ұсынылды. Ғылыми-зерттеу құзыреттілігі қандай қабілеттердің, дағдылардың болуын талап ететіндігі анықталып, ғылыми-зертеу құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесі жасалды. Орман шаруашылығы бағыты бойынша эксперименттік және бақылау топтарындағы білім алушылардың ғылыми-зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру алдында, білім алушылардыің бастапқы ғылыми-зерттеу құзыреттілігінің даму деңгейлері, соның ішінде ғылыми-зерттеу құзыреттілігінің ынталандыру, когнитивті, процессуалды, рефлексивті компоненттерінің даму деңгейлері анықталды. Артынан, білім алушыларға жүргізілген экспериметтік оқытудың үш типтік тапсырмасын орындау алгаритімі берілді. Атқарылған жұмыстардан кейінгі 6В08301 «Орман ресурстары, аңшылықтану және ара шаруашылығы» білім беру бағдарламасының білім алушыларының 2021-2022 оқу жылында және 2022-2023 оқу жылының 1 жартысында сабақтан тыс уақыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстармен айналысу деңгейін салыстырмалы түрде саралау жүргізілген.

Жүктеулер

Жарияланды

10.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Алипина, К., Бакирова, К., & Сатандинова, Б. (2023). Орман шаруашылығы бағыты бойынша білім алушылардың ғылыми-зерттеу құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 141(4), 19–31. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/171

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика