Агротехникалық профильде мамандар дайындаудың жаңа моделі бойынша жұмыс тәжірибесінен
Қаралымдар: 102 / PDF жүктеулері: 104
Кілт сөздер:
Пилоттық жоба, базалық пәндер, пәнаралық көзқарас, қазақ-француз білім беру жобасы,, электронды журнал, оқу ортасы, контент, оқу бағдарламасыАңдатпа
Агротехникалық профильде мамандар дайындау сапасын жақсартуға кедергі келтіретін жүйелі мәселе болып өндіріс, ғылым және білім беру арасындағы интеграцияның болмауы болып табылады. Сонымен қатар, ескірген технологиялар, білім берудің шектеулі траекториясы, Қазақстан университеттерінің материалды-техникалық базасының жетіспеушілігі білім беру процесіне теріс әсерін тигізеді. Салдар ретінде, бітірушілердің білім алу деңгейі көп жағдайларда заманауи талаптарға сәйкес келмейді. Білім беру бағдарламаларды және білім беру деңгейін дамыту үшін ғылыми зерттеулер мен кадрлар дайындау арасындағы байланыс және агроөндіріс кешенінде жаңа технологияларды енгізу, дамыған шет елдік технологияларды еңгізе отырып білім беру саласында отандық инновациялық жаңалықтардың синхронизациясы қажет. Қазіргі таңда Қазақстанның орташа білім беру және жоғарғы білім беру орындарында жаратылыстануды оқыту мәселелері туып отыр. Осы жайлы PISA (Program for International Student Assessment) және TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) сияқты ұйымдардың өз елімізде және шет елдердегі оқушылардың білім алу жетістіктерінің мониторингі бойынша зерттеулерде әңгіме қозғалды. Мақалада агротехникалық профильдің бірнеше бағыттарындағы бакалавриат мамандықтарын дайындаудағы базалық деңгейді қамтамасыз ету мақсатында жаратылыстануды оқытуды жоғарлатудың тәсілдерінің бірі көрсетілген. Мамандарды дайындаудағы жаңа моделінің негізінде физика, химия, биология, жоғарғы математика және компьютерлік ғылымдар сияқты фундаментальд пәндерді тереңдетіп оқыту жатады. Оn line оқыту жағдайында білім беру платформасына еңгізілген виртуалды мультимедиялық орта пайдаланылады.