Блум таксономиясы негізінде тілдік емес университетте мәтіндерді семантикалық талдау
Қаралымдар: 134 / PDF жүктеулері: 111
Кілт сөздер:
мәтін, әдіс, семантикалық талдау, тілдік емес университет, Блум таксономиясыАңдатпа
Тілдерді оқытпайтын жоғары оқу орнындағы орыс тілі сабақтарында Блум таксономиясы негізінде семантикалық талдау әдістерін қолдану мен тілдің семантикалық жағына назар аудару өзекті мәселе болып табылады. Контент-талдау алгоритмін қадамдап іске асыруда Блум таксономиясының рөлі және оған жүгіну оның жүйелілігінен, яғни саналы оқытудың: білу, түсіну, қолдану, талдау, синтездеу, бағалау сияқты кезеңдерінің міндетті болып табылатынына негізделеді. Бұл әдісті қолдану фактілерді есте сақтап, оларды жаңғырту үдерістерін іске асыруға ғана септігін тигізіп қоймай, бұрын алынған ақпаратпен байланыс түзіп, оны жалпылауға, өзгертуге, түсіндіруге және өзгертуге мүмкіндік береді.
Бұл орайда нақты материалдың баға жетпес көзі мәтін болып табылады, онда түрлі деңгейлердегі тілдік бірліктерді қолданудың алуан түрлі нұсқалары көрініс табады. Орыс тілі сабақтарында мәтіннің семантикалық талдауын жасау барысында қолданылатын ең тиімді әдістері ассоциативті әдіс және контент-талдау әдісі болып табылады. Байланыстарға негізделген тапсырмалар студенттердің танымдық қызығушылығын туғызады, ал контент-талдау түрлі сөйлеу стильдеріне жататын мәтіндерді, соның ішінде мамандық бойынша мәтіндерді неғұрлым жақсы меңгеруге септігін тигізеді.
Тілдерді оқытпайтын жоғары оқу орнында Блум таксономиясы негізіндегі семантикалық талдау студенттердің дәлелдемелерді сыни әрі объективті түрде қарау негізінде белгілі бір идеяның құндылығын анықтай білуін қалыптастыру жолымен олардың сыни және шығармашылық ойлауын дамытуға мүмкіндік береді.