География сабақтарында Блум таксономиясының танымдық моделінде деңгейленген тест тапсырмаларын қолданудың тиімділігі
Қаралымдар: 172 / PDF жүктеулері: 464
Кілт сөздер:
жаңартылған білім, Блум таксономиясы, танымдық модель, ойлау дағдылары, педагогикалық технология, диагностикалық бағалау, қорытынды бағалауАңдатпа
Қазіргі кезде мектеп географиясының теориялық білім мазмұнының жаңаруына байланысты географияны оқыту әдістемесі мен логика арасындағы байланыс нығая түсуде.
Бұған ерекше қажеттілік оқу бағдарламасында қамтылатын ғылыми ұғымдарды нақты таңдауға байланысты туындады. Ойлау арқылы оқушыларды оқуға үйрету, олардың бойына іскерлік пен дағдыны қалыптастыру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдылары. Білімді меңгеру үшін танымдық ойлаудың білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау бағалау деңгейлерін оқушылар пайдалана білуі керек.
Мақалада еліміздегі жаңартылған білім мазмұны жағдайында Блум таксономиясының танымдық моделіне сәйкестендіріліп құрастырылған тест тапсырмаларын география сабақтарында қолданудың тиімділігі қарастырылады. Американдық психолог Бенджамин Блумның танымдық таксономиясындағы ойлау дағдыларын қарапайым, орта және жоғарғы деңгейлерге топтап, оқу бағдарламасына сәйкес әзірленген тест тапсырмаларын оқытуда қолданудың әдістемесі ұсынылады. Жаңа педагогикалық технологиялар тұлғаның ойлау жүйесін қалыптастыруды, әр түрлі жағдаяттарда нақты шешімдер қабылдай білуге үйретуді мақсат етеді десек, бұл педагогикалық ұстанымдар - білім беруді жаңартудың негізгі өзегі. Қазіргі даму кезеңдегі басты мәселелердің бірі – мектептегі білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру.
Зерттеуде Алматы қаласындағы №163 -ші мектеп гимназияның 8-ші сынып оқушыларының қатысуымен жүргізілген эксперимент барысы және оның тиімді нәтижелері сараланады. Бақылау және эксперименттік топтағы 61 оқушы қатысқан зерттеудің диагностикалық және қорытында бағалау кезеңдеріндегі нәтижелер сарапталып, әдістеменің тиімділігі дәлелденген.
Жүйелі сөйлеуге, жүйелі ойлауға тәрбиелейтін осы іспеттес тапсырмалар мен жаттығулар оқушының өздеріне деген сенімін арттырып, іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға үйрететіні сөзсіз.