Ана тілі үштілді оқыту жүйесінде: оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Н.Ш. Алметов М.Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
  • А.Н. Жорабекова Silkway Халықаралық Университеті

Кілт сөздер:

мектеп оқушылары, оқу-танымдық қызығушылық, оқушылардың қызығушылықтарын дамыту, үштілді оқыту, ұлттық тілде оқытатын жалпы білім беретін мектеп, қызығушылықты дамыту әдістері, үштілді білімнің мүмкіндіктері

Аңдатпа

Мақалада қазіргі кезеңде мектептің жаңартылған білім беру мазмұнына көшуі жағдайында оқушылардың ана тіліне оқу-танымдық қызығушылықтарын дамыту мәселесі қарастырылады. Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылықтарын дамыту аспектісіндегі өзбек тілінде білім беретін мектептердің тәжірибесіне талдау жасалынған. Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылықтарын дамыту мақсаттарына бағытталған ең тиімді тұғырлар мен шешімдер анықталған. Мұғалімдер мен ата-аналардың
белгілі бөлігінде үш тілді білімнің ана тілін дамытушы мүмкіндіктеріне консервативті көзқарастар үстемдік қылатындығы атап өтілген. Керісінше, ана тілін оқыту мен оқуға инновациялық тұғыр оның оқу пәні ретінде
ынталандырушылық және мотивациялаушы мүмкіндіктерін шығармашылы пен іздену және дамытуға бағдарланған. Ана тілі, дәстүрлі көзқарастарға сай, басқа тілдерді оқып-үйренудің негізі, оқыту құралы болып табылады. Авторлар, өз кезегінде мемлекеттік тілді, орыс тілін және ағылшын тілдерін оқыту оқушылардың ана тіліне деген қызығушылықтарын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашатындығы туралы идеяны ұстанады. Жалпы білім беретін мектептердегі ана тілі пәні мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін талдау
барысында авторлар үштілді білімнің оқушылардың ана тіліне деген қызығушылықтарын дамытуын, әдістері мен шарттарын, бұл бағыттағы педагогикалық тұғырлар мен шешімдердің тиімділігі критерийлерін анықтап
көрсеткен.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Алметов, Н. ., & Жорабекова, А. (2024). Ана тілі үштілді оқыту жүйесінде: оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 129(4), 29–36. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1879

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика