Жоғары оқу орнының білім мазмұнында этникалық компоненттерді игертудің мультимедиалық технологиялары


Қаралымдар: 95 / PDF жүктеулері: 130

Авторлар

  • Г.Қ. Маликова Торайғыров университет
  • Е Жуматаева Торайғыров университеті

Кілт сөздер:

этникалық компонент, білім мазмұны, мультимедиалық технология, сокралды география, видеоконтент, территория, жерұйық

Аңдатпа

Бұл мақалада жоғары оқу орнының білім мазмұнында студенттерге этникалық компонененттерді игертудің тірек көзі ретінде алынған – мультимедиалық технология мәселесі қарастырылды. Мультимедиа, видеоконтент ұғымына анықтама берілді. Аталған тақырыпты зерттеген ғалымдардың еңбектері жіктелді. Студенттердің, жеке адамның ойлау өнерін меңгеруінің, жеткіншек көзқарасын кеңейтудің құралы ретінде қолданылатын мультимедиалық технология жүйесі жан-жақты қарастырылды. Зерттеу тақырыбының ғылыми болжамы жасалып, мақсат, міндеттері айқындалды.

Тұлға қалыптасуына оның өскен ортасының әсерінің қаншалықты ықпал ететіні зерделенді. Киелі жерлер, жерұйық жайлы қарастырылған ғылыми еңбектердің мәнділігі түзіліп, кейбірі кесте, матрица, суретпен ұсынылды. «Жерұйық» концепциясы зерделеніп, құт, бақ әкелетін қасиеті анықталып, феномені сараланып, оның «Мәңгілік Ел» болуына қозғаушы күш екені анықталды.

Жалпы республикалық, Павлодар облыстық, аудандық сокралды география тізіміне енген объектілердің тарихы зерттеліп 70 нысанның бейнесі педагогика және психология мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер мен жалпы республика көрермендеріне ұсынылды. Бұл біздің зерттеу еңбегімізде айқындаған этникалық компоненттің бірі – территория ұғымына сәйкес келеді. Аталған объектілерді тарихи, этнонимдік, топонимдік, антологиялық ерекшеліктерін саралай келе, оның этникалық компонент қатарында тұру себебін дәлелдедік.

Жоғары оқу орнының білім мазмұнына этникалық компонененттерді енгізудің ең тиімді тетігі - мультимедиалық технология екенін сараладық. Себебі, видеоөнім бұл күні ең маңызды әлеуметтік құрал болып отыр. Аталған жүйе - студенттердің назарын аудартып, оларға этникалық компоненеттерді оңай сіңіреді. Бұл тұрғыда мультимедиалық тәсілдің жоғары оқу орны студенттеріне ғана емес, жалпы көрерменге әсері зор екені анықталды. Олардың видеоконтенттен алған ақпараты арқылы көзқарастары кеңейіп, сана-сезіміне, ой-өрісіне әсер етті. Ол студенттерге жасаған тәжірибелік жұмыс және «Гүлсара Маликова» You Tube каналындағы бағдарлама рейтингісі бойынша дәлелденді. Қоғамға тың леп әкелген жаңашылдықтардың педагогика саласына әсер етіп, өзгеріс енгізуі тиіс екендігі сараланды.

Жүктеулер

Жарияланды

10.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Маликова, Г., & Жуматаева, Е. (2023). Жоғары оқу орнының білім мазмұнында этникалық компоненттерді игертудің мультимедиалық технологиялары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 141(4), 173–186. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/189

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика