Кәсіподақ қозғалысы әлеуметтануы аясындағы кәсіподақтарды заманауи зерттеулер
Қаралымдар: 21 / PDF жүктеулері: 5
Кілт сөздер:
кәсіподақтар, юнионизация, кәсіподақтар қозғалысының әлеуметтануы, Лайықты жұмыс тұжырымдамасы, әлеуметтік серіктестік, неолиберализм, азаматтық қоғам, әлеуметтік өзгерістерАңдатпа
Мақалада еңбек қозғалысының «жаһандық дағдарыс» жағдайында кәсіподақтардың рөлін арттыру туралы, сондай-ақ жалдамалы жұмысшылардың еңбек нарығында өз күштерін сатуда белсенділігін арттыру мәселелері қарастырылады. Ресей кәсіподақтарының кәсіподақ қозғалысының әлеуметтануы шеңберіндегі әлеуметтік зерттеулерінің заманауи мәселелері айқындалды. Мақалада авторлар тарихи ретроспективті түрде Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының даму кезеңдерін қысқаша талдайды. Еліміздегі кәсіподақтардың, әсіресе Қазақстан кәсіподақтар федерациясының жариялаған модернизациялау
міндеттеріне сүйене отырып, зерттеушілер кәсіподақтар азаматтық қоғамның белсенді ойыншылары бола алады деген тұжырымға келді, өйткені олардың ұзақ жылдар тарихы және халықтың барлық әлеуметтік топтарында кең әлеуметтік базасы бар.






