Білім беру жүйесі менеджерлерін даярлауды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету


Қаралымдар: 14 / PDF жүктеулері: 4

Авторлар

  • А.В. Рахымбердиева Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Кілт сөздер:

білім беру менеджері, білім беру менеджерін дайындау, әдістемелік қамтамасыз ету, кәсіби құзыреттілік

Аңдатпа

Мақалада біздің еліміздегі білім беру жүйесіне болашақ менеджерлерді даярлаудың өзектілігі қарастырылған. Болашақ білім беру менеджерлерін даярлау үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері
айқындалған. Қазіргі уақытта Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология кафедрасында 6М010300 - Педагогика және психология мамандығы аясында жүзеге асырылып жатқан «Білім берудегі менеджмент» эксперименттік білім беру бағдарламасының сипаттамасы ұсынылған. Мақала мазмұнында осы білім беру бағдарламасын меңгерген білім беру менеджерінің кәсіби қызмет саласы, оқуды аяқтағаннан кейін берілетін дәреженің сипаттамасы берілген, сондай-ақ білім беру бағдарламасының мақсаты, міндеті және түлектің білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижесінде қалыптасатын құзыреттілігі берілген. Білім беру менеджерлерін даярлаудың білім беру бағдарламасына енгізуге ұсынылатын пәндер тізімі берілген.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Рахымбердиева, А. . (2024). Білім беру жүйесі менеджерлерін даярлауды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 128(3), 76–83. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1908

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика