Ағылшын тілі сабақтарында телешоу, онлайн бейнефильмдер және бейнеподкастерді пайдалану
Қаралымдар: 13 / PDF жүктеулері: 3
Кілт сөздер:
онлайн фильмдер мен бейне подкастар, түп нұсқадағы материал, ынталандыру, мотивация, тыңдалым дағдылары, түсіну дағдыларыАңдатпа
Бұл мақалада студенттердің ағылшын тілі сабақтарында коммуникативтік
құзыреттілігін қалыптастыру үшін бейнематериалдарды, телехабарлар мен бейнетаспаларды пайдалану және түпнұсқалы фильмдермен жұмыс істеу жүйесі қарастырылады. Автор шетел тілі сабақтарында бейнематериалдар мен телебағдарламаларды пайдалану жалпы коммуникативтік құзыреттіліктің құрамдас бөлігі ретінде әлеуметтік-мәдени құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында оқытушылар мен студенттер үшін бірегей мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Қарым-қатынастың мазмұндық жағынан басқа, видеоподкастар мен онлайн фильмдерде оқиғаның орны, сыртқы
түрі және нақты жағдайдағы қарым-қатынас қатысушыларының бейвербалды мінез-құлықтары туралы көрнекі ақпарат бар екені атап көрсетіледі. Автор студенттерді шет тілінде сөйлеуге үйрету кезінде телебағдарламалар мен бейнефильмдерді пайдаланудың тиімділігі оның оқу жүйесіндегі орнын дәл анықтауға ғана емес, сонымен қатар бейне сабақтың құрылымы қаншалықты тиімді ұйымдастырылғанына, оқыту міндеттерімен бейнефильмнің оқу мүмкіндіктері қалай сәйкес келуіне байланысты деп есептейді. Материалдарды зерттеу негізінде телевизиялық бағдарламалар
мен бейнеподкасталар тыңдап түсіну дағдыларын жетілдіруге көмектесетінін, студенттер арасында шынайы әңгіме мен диалогтарды қамтамасыз ететіндігі жайлы айтылады.
Мақалада негізгі дәлел ретінде ағылшын тілі сабақтарындағы бейнематериалдар мен телебағдарламалардың кейбір түрлері қолданылады. Автор бейнематериалдарды пайдалану коммуникативтік әдістеменің маңызды талаптарын іске асыруға ықпал етеді деген қорытындыға
келеді






