Интернет-тәуелділіктің студент психологиясына әсері


Қаралымдар: 252 / PDF жүктеулері: 769

Авторлар

  • Л.Н. Навий Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
  • Ж.Т. Шурманова Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
  • Г.М. Ракишева Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

Кілт сөздер:

интернет-тәуелділік, киберкеңістік, психикалық жағдай, көңіл-күй

Аңдатпа

Қазіргі уақытта интернет желісі қажетті құралдардың біріне айналды.
Білім жүйесі, қызмет барысы интернет арқылы әртүрлі бағдарлама аясында жүргізіледі. Бұл көптеген адамдарды интернетке тәуелді етеді. Осыған байланысты бұл мақалада интернет-тәуелділікке негізделген интернет пайдаланушылардың саны, мемлекеттер арасындағы Қазақстан мемлекетінің орналасқан әлемдік рейтингі көрсетілген. Интернет тәуелділігі туралы ұғым берілген, зерттеген ғалым-психологтардың тұжырымдамалары, негізгі нысаны, тәуелді адамдардың түрлері, интернетті патологиялық пайдаланудың когнитивтік-мінез-құлық моделдері көрсетілген. Зерттелетін нысан бойынша колледж студенттері арасында үш әдістемелік тест сауалнамаларының нәтижелері анықталды. Оған 195 студент қатысты және сауалнама негізінде 82 студентте тәуелділікке байланысты бірнеше мәселелері бар, интернетке тәуелділік қалыптасқан студенттер саны анықталды. Екінші сауалнаманың сұрақтары бойынша интернетке тәуелділікті анықтайтын психалогиялық белгілері анықталды. Зерттеу нәтижесіне студенттердің интернетке тәуелділіктің алдын-алу және арылтуға бағытталған әдістемелік бағдарлама жасалды. Бағдарламада интернетке тәуелділіктің пайда болу себептері ескерілді. Осыған байланысты тәуелділіктің алдын-алу және одан арылтуға байланысты тренинг - сабақтар өткізілді. Зерттеу нәтижесіне статистикалық талдау жасалды.

Жүктеулер

Жарияланды

10.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Навий, Л., Шурманова, Ж., & Ракишева, Г. (2023). Интернет-тәуелділіктің студент психологиясына әсері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 141(4), 228–238. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/194

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика