Зияты зақымдалған балаларды халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы оқытудың маңыздылығы
Қаралымдар: 138 / PDF жүктеулері: 649
Кілт сөздер:
Зияты зақымдалған балалар, халық ауыз әдебиеті, ертегілер, мектеп жасына дейінгі балалар, педагогика, ұлттық сезім, оқыту, әдістер, ақпараттық коммуникативтік технологиялар, ұлттық ойындарАңдатпа
Мақалада зияты зақымдалған балаларға халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың маңыздылығы қамтылған. Халық ауыз әдебиетінің балалар өміріндегі орнына тоқтала отырып, зияты зақымдалған балаларды оқыту барысында ой-өрісінің дамуына, сөздік қорына, көңіл-күйіне әсер ететіні белгілі. Біз мақалада осы мәселені кеңінен қамтуға тырыстық. Ерекше балаларға ең бірінші халық ауыз әдебиеті түсінігін қалыптастыруымыз керек және бұл балаларды отан сүйгіштікке тәрбиелейді.
Қазақ халық ауыз әдебиетінің зияты зақымдалған балаларға тигізетін әсері көп педагогикалық жіктелуінің ерекшеліктері және т.б. музыкалық аспаптарды таңдауға байланысты баланың есту қабілеті, есту зейінінің дамуы, эмоционалды қабылдау, жағымды есту, зейін, есте сақтау, би дағдылары және т.б. ерекшеліктерді ескере отырып таңдалады. Баланың жас ерекшелігін ескере отырып, ересектердің басшылық етудегі, ұйымдастырушылықтағы және сол арқылы баланың дамуына ықпал ететін айқындауға тырыстық.
Қазақтың халық ауыз әдебиеті арқылы зияты зақымдалған балалардың танымдық іс-әрекетін дамытудың ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары тұрғысынан дамытушы, мәдени-танымдық білім беру ортасын құру; баланың жеке білім беру траекториясын жүзеге асыру; ана мен бала арасындағы шығармашылық өзара іс-қимыл және өзара әрекеттесу; мұғалім-бала-ата-ана арасындағы шығармашылық өзара іс-қимыл және өзара әрекет және тағыда басқалары болып табылады.