Орта мектептерде физика пәнін құбылысқа негіздеп оқыту


Қаралымдар: 189 / PDF жүктеулері: 249

Авторлар

  • Б.С. Уалиханова Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
  • О.Т. Омаров Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
  • Е.Р. Керимбеков Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
  • Д.Т. Бердалиев Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Кілт сөздер:

құбылысқа негізделген оқыту, оқыту процестері, оқытудың тиімділігі, физиканы оқыту әдістемесі, орта мектеп физикасы

Аңдатпа

Мақалада орта мектепте құбылысқа негіздеп оқыту бойынша әдістеме және оны еліміздің білім беру жүйесіне негіздеу жолдары мен қажеттілігі қарастырылған. Оқытылған пән іс-жүзінде қолданылмағандықтан, дәстүрлі оқытуда білім алуға кедергілер пайда болады. Оқытудың классикалық әдістері жұмыс өнімділігі жоғары, бірлесе жұмыс жасауға дайын және қызығушылық танытатын тұлғаларды қажет ететін жаңғыртылған әлем үшін өткеннің еншісінде қалды. Сондықтан, оқытудың жаңа әдісі одан әрі әлемдік деңгейде даму үшін қажетті білім мен дағдыларды қамтамасыз етуі қажет. Осы зерттеудің мақсаты оқушыларға физика пәнін оқыту кезінде оқу тәсілі ретінде құбылысқа негізделген оқыту (ҚНО) әдісін пайдаланудың оң әсерлерін және оның Қазақстан Республикасының Шымкент қаласындағы орта мектеп оқушыларын физика пәнін оқуға ынталандыруға және осы салада білімін жақсартуға әсерін анықтау болып табылады. Негізгі әдіс – физика пәнін оқытуда сабаққа енгізілген ҚНО әдісі, пәнаралық байланыс секілді әмбебап әдіс арқылы оқыту. Оған қоса, оқушылардың физика пәнін мектепте ғана емес, шынайы өмірде де оқып-үйренуінің себебін және ұзақ уақыт бойы оқушылардың жадында бұл дағдылардың қалмауын анықтау үшін сауалнама жүргізіледі. Нәтижелер құбылысқа негізделген оқытуды қолдану кезінде оқушылардың бағалары 10%-дан аса жоғары көрсеткіштерге жеткендігін көрсетті, бұл осы әдісті қолдануды айтарлықтай тиімді етеді. Сонымен қатар, құбылысқа негізделген оқытуды қолда-ну оқушының алған білімдерін ұзағырақ уақыт есте сақтауға және сол деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Қазақстандағы Шымкент қаласындағы бастауыш мектеп оқушыларына ҚНО-ң әсері тексерілді. ҚНО-ды ағылшын, математика және әлеуметтік пәндер енгізілді, пәндерді физика пәнін қолдана отырып оқытылды, және компьютерлік дағдыларды үйренуге арналған жаңа бағыт жасалды, өйткені заманауи физика пәнін оқытуда айтарлықтай проблемалар бар. Мақсат - оқушыларды осы пәндерді қолдана отырып, физика бойын-ша дағдыларды үйренуге және жетілдіруге жетелеу болды. Талдаулар бойынша физиканы басқа пәндерді қолдана отырып үйрету үшін ҚНО қолдану олардың дағдыларын едәуір жақсартады және алған дағдыларын ұзақ уақыт сақтауға көмектеседі. Бұл зерттеу келесідей ұйымдастырылған: тиісті жұмыстарда ҚНО саласындағы зерттеулердің ал-дыңғы әрекеттері талқыланады. Әдістемеде осы зерттеу мәселесін шешу жоспары ұсы-нылған, онда жұмыс әдісі және зерттеу үдерісін жүзеге асыру нәтижелері көрсетілген. Соңында, талқылау және болашақта атқарылатын жұмыстар үшін кейбір қорытынды ескертулер мен мәселелерді ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланды

10.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Уалиханова, Б., Омаров, О., Керимбеков, Е., & Бердалиев, Д. (2023). Орта мектептерде физика пәнін құбылысқа негіздеп оқыту. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 141(4), 337–344. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/206

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика