Цифрлық сауаттылық болашақ педагогтердің кәсіби қызметке дайындығын бағалаудың құрамдас бөлігі ретінде
Қаралымдар: 213 / PDF жүктеулері: 240
Кілт сөздер:
цифрлық сауаттылық, болашақ мұғалімдерді даярлау, кәсіби қызмет, Бағалау компоненті, бағалау, білім берудегі цифрлық платформалар, цифрлық құралдар, білім беру процесі.Аңдатпа
Бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуын
ескере отырып, қазіргі заманғы цифрлық құралдарды пайдалана білу мұғалімдерге қажетті
шарт болып табылады. Цифрлық сауаттылық білім беру үдерісінде ақпараттық құралдар
мен платформаларды сыни тұрғыдан бағалауға, таңдауға және тиімді пайдалануға мүмкіндік
беретіндіктен, заманауи педагогикалық технологияларды меңгеруді, цифрлық құралдар мен
ресурстарды пайдалануға дайындығын дамытуды, білім берудің цифрлық трансформациясы
болашақ мұғалімдерді цифрлық білім беру ортасында жұмыс істеуге жан-жақты дайындауды
талап етеді.
Осыған байланысты, мақаланың мақсаты – болашақ педагогтердің цифрлық сауаттылық
деңгейін анықтау және оқу үдерісінде цифрлық технологияларды қолданудың мақсатты
индикаторларының бағытын айқында.
Теориялық талдау нәтижесінде цифрлық сауаттылықтың элементтерін, болашақ ағылшын тілі
мұғалімдерінің цифрлық сауаттылық дағдыларының деңгейлерін анықтады
Зерттеу сұрағына қол жеткізу үшін тақырыптық талдау қолданылып, ашық сұрақ және
жартылай құрылымдық сұхбат (сауалнама, сұхбат) әдістері пайдаланылды. Зерттеу барысында
болашақ мұғалімдер цифрлық технологиялардың кең ауқымынан хабардарлығы және оларды
жеке, білім беру және кәсіби мақсаттарда қолдана алатындығы анықталды. Болашақ педагогтердің
цифрлық сауаттылығы бастапқы білімнен бастап жоғары дамыған, шығармашылық және бірлескен
қолдану дәрежесіне дейінгі бірнеше деңгейлерден тұратыны анықталды.
Зерттеу нәтижелері болашақ педагогтердің біліктілігін арттыруда, білім беру бағдарламаларын
әзірлеуде және кәсіби дамудың жеке траекториясын қайта қарастыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.