Білім беруді цифрландыру кезеңіндегі оқытушының негізгі құзыреттері
Қаралымдар: 191 / PDF жүктеулері: 181
Кілт сөздер:
педагогтың негізгі құзыреттіліктері, ақпараттандыру, білім беруді цифрландыру, цифрлық білім беру технологиялары, цифрлық трансформация, оқу процесі, мобильді оқыту қосымшаларыАңдатпа
Мақала Қазақстандағы білім беруді цифрландыруды, оның даму кезеңдерін, негізгі тенденцияларын зерттеуге және жоғары кәсіби білім беру негізінде оның тиімділігін бағалауға арналған.
Зерттеу жұмысының мақсаты – Қазақстандағы жоғары кәсіптік білім беруді цифрландыру жағдайын теориялық тұрғыдан негіздеу, шолу және оның білім берудің қазіргі кезеңіндегі тиімділігін бағалау, одан әрі даму жолын анықтау.
Мақалада Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің екі факультетінде (жаратылыстану және техникалық) оқытушылардың оқу процесінде қолданып жүрген ақпараттық-білім беру технологиясы мен IT ресурстары бойынша компьютерлендіру, ақпараттандыру, автоматтандыру және цифрландыру кезеңінің қалыптасуына, білім берудегі цифрлық трансформацияларды қолдану сипатына талдау жасалған.
Білім беруді цифрландыру бойынша ғылыми дереккөздерге жүргізген талдау кәсіптік оқытуды цифрландырудың негізгі тенденцияларын, қатерлерді, артықшылықтарын, жетілдіретін тұстары мен кемшіліктерін ашып берді.
Мақалада оқытушылар мен білім алушылардың пандемия және постпандемия кезінде онлайн білім беру дағдыларын пайдалану және оқу үдерісінде цифрландырудың жетістіктерін қолдануы талқыланды.
Білім беруді цифрландыру педагогтерге қойылатын талаптарды айтарлықтай өзгертеді. Оқытушылар заманауи технологияларды меңгеріп, оларды оқу процесінде тиімді пайдаланап, кәсіби міндеттерін орындауға қажетті негізгі дағдыларды меңгеруі тиіс.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жаратылыстану және инженерлік-техникалық факультеттерінің оқытушылары мен студенттерінің цифрлық трансформацияға және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға көзқарастары анықталып, заманауи цифрлық технологияларды қолданудың негізгі көрсеткіштері мен тенденциялары дәйектелді. Алынған нәтижелер қазіргі кезеңдегі білім берудің негізгі мәселелерін анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеуде Қазақстандағы жоғары кәсіптік білімді цифрландырудың басты мәселелері айқындалды. Жаратылыстану және инженерлік-техникалық факультет оқытушыларының білім берудегі цифрлық трансформацияға, цифрлық құзыреттіліктердің қалыптасуына және цифрландыруға көшудегі шектеулер мен қатерге деген көзқарастары талданды. Білім берудегі цифрландыруды пайдалану бойынша зерттеулерді әрі қарай жалғастырудың негізгі перспективалары жүйеленді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.