Г. Шомбалова зерттеуіндегі абайдың ән мұрасының тәрбиелік мәні
Қаралымдар: 92 / PDF жүктеулері: 0
Аңдатпа
Мақаланың мақсаты - қазақтың тұңғыш пианисі және Қазақстанның этномузыкатану ғылымының негізін қалаушыларының бірі, ұлы ақын музыкалық мұрасын алғаш зерттеуге баға жетпес үлес
қосқан, Абай ән өнерінің зерттеушісі Гүлжаухар Шомбалованың ғалым ретінде тарихи маңызын көрсету. Г. Шомбалова 1955 жылы П. И. Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясында кандидаттық диссертация қорғады. Диссертацияның өзегі қазақ музыкасын алғашқы зерттеушілер А.Левшин, Ш.
Уәлиханов, М. Готовицкий, П. Тихов, А. Эйхгорн және т. б. еңбектерінің ішінен ресейлік және отандық
мұрағаттарды қарастыруға арналды. Сонымен қатар, еңбектің жеке тарауы, күні бүгінге дейін еш жерде
жарияланбаған кандидаттық диссертациясы бойынша Абай әндерін талдауға арналған. Ғалымның Абай
әндерінің маңызы, музыкалық мұрасының көркемдік құндылығы туралы тұжырымдары өз өзектілігін
әлі күнге дейін жоймағандығы таң қалдырады. Мақалада ғалымның музыкалық абайтану идеяларына
СарыАрқа стилінің реформаторы ретінде қазіргі музыкатанудағы қалыптасқан көзқарас аясында көрсетілген. Ғалымның қызы Сәуле Құлахметқызы Ходжикова Мәскеу мұрағатынан әкелген диссертацияның қолжазбасы және маған зерттеу үшін ұсынылған Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының проректоры Абдрахман Г.Б ұсынған диссертация бөлімі мақаланың зерттеу материалына
айналды. Сондықтан Г.Шомбалова диссертациясының бір тарауының мазмұны алғаш рет талдау өзегі
болып отыр. Мақалада автордың Абай шығармашылығына қатысты көптеген ғылыми ұстанымдары әлі
күнге дейін заманауи деген тұжырым жасалды. Зерттеу әдісі ретінде эмпирикалық тәсіл таңдалды, ал
абайтану туралы заманауи көзқарас тұрғысынан ғалымның идеяларын сипаттау ғалым Г.Шомбалованың музыкалық абайтануға қосқан үлесін объективті бағалауға мүмкіндік берді.