Білім беру үдерісіндегі сыни ойлаудың маңыздылығы


Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 3

Авторлар

Кілт сөздер:

білім беру үдерісі, сыни ойлау, білімгер, білім, ақпараттық сауаттылық.

Аңдатпа

Мақалада сыни ойлау ұғымына жасалған контент талдау негізінде сыни ойлау ұғымына берілген анықтамалар және түрлі зерттеушілер қарастырған сыни ойлаудың аспектілері келтірілді. Көптеген анықтамаларға сәйкес сыни ойлау талдау, синтез, бағалау және пайымдаудың негізгі тұжырымдамасын; сондай-ақ тиісті ақпараттың сапасын талдау, мәселеге тұтастай қарау және оны нақтылау, себеп-салдарлық байланыстар орнату, дәлелдер келтіру, логикалық қорытындылар құру, зерттелетін мәселеге қатысты өз ұстанымын әзірлеу және т.б. дағдыларды меңгеруді қамтиды.

Сонымен қатар мақалада сыни ойлауды зерттеген авторлардың сыни ойлаушыға тән сипаттары; сыни ойлаудың ақпараттық сауаттылықпен байланысы; білім берудегі рөліне қатысты; және болашақ мамандардың өз саласында кәсіби жетістікке жетуі үшін сыни ойлаудың маңыздылығы тұрғысында жүргізген зерттеулерінің нәтижелері жинақталды. Зерттеу нәтижелері бойынша, сыни ойлаудың қазіргі ақпараттың қолжетімді әрі жылдам жаңаратын кезеңінде білім алушылар үшін аса қажет дағды екенін көрсете отырып, аталмыш дағдыны қалыптастырып, дамыту – білім беру орындарының басты міндеттерінің бірі деген қорытынды жасалды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы ретінде «сыни ойлау» ұғымына білім беру үдерісі тұрғысында авторлық анықтама берілді.

Әдебиеттер тізімі

Әдебиеттер тізімі

Сардарова Ж.И. и др. Необходимость развития критического мышления будущих учителей //Хабаршы «Психология» сериясы. – 2020. – Т. 62. – №. 1.

Ходикова Н.А. Логика и критическое мышление: история и современность //Известия высших учебных заведений. Северо-Кавказский регион. Общественные науки. – 2019. – №. 3 (203). – С. 22-25.

https://louisville.edu/ideastoaction/about/criticalthinking/

Halpern D. F. Thought and knowledge: An introduction to critical thinking. – Psychology press, 2013.

Якунина Н.А. Критическое мышление: аналитическое осмысление понятия //Гаудеамус. – 2019. – Т. 18. – №. 4 (42). – С. 21-26.

Клустер Д. Что такое критическое мышление? //Перемена: Международный журнал о развитии мышления через чтение и письмо. – 2001. – Т. 4. – №. 36. – С. 40.

https://academic-englishuk.com/critical-thinking/

https://plato.stanford.edu/entries/critical-thinking/

Flood P. A. Critical thinking skills and information literacy skills: Discerning online information among high school students : дис. – Liberty University, 2015.

Мұхамбетәлиева З., Муканова Р. Химия сабақтарында сыни ойлауды дамыту технологиясын қолдану //Scientific Collection «InterConf». – 2023. – №. 140. – С. 258-264.

Ивунина Е. Е. О различных подходах к понятию «критическое мышление» //Молодой ученый. – 2009. – Т. 11. – С. 170-174.

Серикбаева М. Ж., Кариева К. У. Развитие критического мышления на уроках информатики с использованием активных стратегий //Вестник Евразийского национального университета имени ЛН Гумилева. Серия: Педагогика. Психология. Социология. – 2022. – Т. 141. – №. 4. – С. 251-258.

Abrami, P. C., Bernard, R., Borokhovski, E., Wade, A., Tamim, R., & Zhang, D. (2008). Instructional interventions affecting critical thinking skills and dispositions: A stage 1 meta-analysis. Review of Educational Journal, 78(4), 1102-1134. doi: 10.3102/0034654308326084

Танатарова Ж. А., Кожанова А. Сыни ойлаудың негізгі принциптері мен әдістерінің зияткерлікті дамытуда алатын рөлі //Вестник Атырауского университета имени Халела Досмухамедова. – 2020. – Т. 56. – №. 1. – С. 49-55.

Tuyebayev M. Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық ойлау және рефлексия: ұқсастықтары мен айырмашылықтары; ойлау және ойлау түрлері //Avrasya Uluslararası Araştırmalar Dergisi. – Т. 4. – №. 9. – С. 178-182.

Albitz, R. S. (2007). The what and who of information literacy and critical thinking in higher education. Portal: Libraries and the Academy, 7(9), 46-61.

Saadd, R. G., Morin, D., & Thomas, J.D.E. (2012). Critical thinking in e-learning environments. Computers in Human Behavior, 28, 1608-1617. doi: 10.1016/j.chb.202.03.025

Bouhnik, D., & Giat, Y. (2009). Teaching high school students applied logical reasoning. Journal of Information Technology Education, 8, 1-16. Retrieved from http://jite.org/documents/Vol8/JITEv8IIP001-016Bouhnik681.pdf

Snyder, L. G., & Snyder, M. J. (2008). Teaching critical thinking and problem solving skills. The Delta Pi Epsilon Journal, L(2), 90-99.

Angeli C., Valanides N. Instructional effects on critical thinking: Performance on ill-defined issues //Learning and Instruction. – 2009. – Т. 19. – №. 4. – С. 322-334.

Marin L. M., Halpern D. F. Pedagogy for developing critical thinking in adolescents: Explicit instruction produces greatest gains //Thinking skills and creativity. – 2011. – Т. 6. – №. 1. – С. 1-13.

Miri, B., David, B., & Uri, A. (2007). Purposely teaching for the promotions of higher-order thinking skills: A case of critical thinking. Research Science Education, 37, 353-369. doi:10.1007/s11165-006-9029-2

Akyuz, H. I., & Samsa, S. (2009). The effects of blended learning environment on the critical thinking skills of students. Procedia Social and Behavioral Sciences, 1, 1744-1748.

Allen M. Promoting critical thinking skills in online information literacy instruction using a constructivist approach //College & Undergraduate Libraries. – 2008. – Т. 15. – №. 1-2. – С. 21-38.

Wang Q., Woo H. L., Zhao J. Investigating critical thinking and knowledge construction in an interactive learning environment //Interactive learning environments. – 2009. – Т. 17. – №. 1. – С. 95-104.

Джакупова Г.Б. Эффективность использования технологии критического мышления в обучении английскому языку студентов медицинского факультета //Вестник Северо-Казахстанского Университета им. М. Козыбаева. – 2022. – №. 2 (54). – С. 50-55.

Жүктеулер

Жарияланды

26.07.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Нұрғожа, Б. ., & Майлыбаева, Г. . (2024). Білім беру үдерісіндегі сыни ойлаудың маңыздылығы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 147(2), 392–405. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/292